«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы №19

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Талдау кезеңі 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2026 жылғы 1 мамырға дейін.
  5. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін ауылдық округтің әкіміне келісілген талдамалық анықтаманы қарастыру үшін ұсынсын.
  6. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  7. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Дата публикации
10 июня 2026