Миссиясы-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу.
Негізгі міндеттер:
1) өз құзыреті шегінде Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
2) жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саласында салааралық үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға және ведомстволық бағынысты мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
4) аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру, мүгедектерді және азаматтардың басқа да санаттарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Округтің жұмыс күші 377 адамды құрайды. Оның ішінде округтің жұмыспен қамтылған халқы 368 адам және жұмыссыз халқы 4 адам. Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны 351 адамды және өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны 10 адамды құрайды (оның ішінде өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2 адам). Тіркелген жұмыссыздар саны 4 адамды құрады. Жыл басынан бері 40 адам жұмысқа орналастырылды. 12 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында-11, ЖК – 1.
Бос жұмыс орындарына 20 адам жұмысқа орналастырылды. Жоспар бойынша 10 сағат
Қоғамдық жұмыстарға 4 адам жіберілді.
Әлеуметтік жұмыс орны бойынша 1 сағ / ш"Батанов Е.С".
"Күміс жас" жобасы бойынша 1 сағат жоспарымен 3 адам жұмысқа орналастырылды.