Хаттама
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау туралы
Комсомол ауылдық округі әкімі аппаратының басшысы.
Комсомольское а. 2024 жылғы 09 қаңтар
Төрағалық етті:
Комсомол ауылдық округінің әкімі Байдалин Төлеген Қабыкенұлы
Қатысқандар: мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман, ауылдық әкімдік маманы, округ тұрғындары.
КҮН ТӘРТІБІ
Комсомол ауылдық округінің әкімі Т. К. Байдалин есеп берді.
Есеп нәтижелері бойынша қатысушылардан сұрақтар түскен жоқ.
Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар берілді:
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға:
- «электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» жоспарлы көрсеткішінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша-2023 жылы әрбір қызмет бойынша кемінде 90%;
Мерзімі: тұрақты
- стандарттар мен ережелерге сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету;
- стандарттар, ережелер және нормативтік құқықтық актілер арасында құқықтық қайшылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша жұмыс жүргізу;
Мерзімі: тұрақты
Осы хаттаманың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Комсомол ауылдық
округінің әкімі Т. Байдалин