GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
10 апреля 2026
Ақпарат кұкық кабинеті

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.

         Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.

                                                                                                               Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

20 февраля 2025
Кибергигиена, алаяқтықтан қорғау

24 мая 2024
Ауылды аббатандыру

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауылдық округте 
ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
02 апреля 2024
Белоградов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны
2024 жылдың 29 наурызында Белоградов ауылдық округінде көктемгі су тасқыны, жеке сектордың малын жаю және 
елді мекенді абаттандыру мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтті.
02 апреля 2024
Тимирязев ауданы әкімінің тұрғындармен тұрақты кездесулері.
Белоградов ауылдық округінде Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ.Жаров пен ауыл тұрғындарының кездесуі өтті.
Қойылған сұрақтардың барлығы қаралды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, көлік және жол
13 февраля 2024
Белоградовка ауылының ішкі жолдарын қардан тазалау.
31 января 2024
Халықтың су тасқыны кезінде әрекет ету жаднамасы
25 января 2024
Белоградов ауылдық округ әкімінің халықпен кездесуі.

 Белоградов ауылдық округ әкімі Қ.Жағыпаров  Белоградовка ауыл  тұрғындарымен кездесу өткізді. Қойылған сұрақтар қарастырылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы