
Белоградов ауылдық округінің аумағында орта мектеп бар. Мектепте 47 бала білім алуда. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі және оларға 19 мұғалім сабақ береді.
Оның 16-сы жоғары білімді ұстаздар. Мектеп сыйымдылығы 260 адамды құрайды. Кітапхана бар.
Мектепте шағын орталықтың барлық оқушылары мен балалары ыстық тамақпен қамтылған. 23 оқушы тегін тамақтанады.
Мұнда: физика кабинеті, қазақ тілі кабинеті, информатика кабинеті, биология кабинеті және интерактивті тақта бар.