Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша немесе өтінішінсіз жеке түрде жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген
мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес (2021 жылғы 15 сәуірдегі өзгерістер мен толықтырулармен) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылдық округі
мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді.