Қазақстан Республикасында ветеринария саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жануарлар денсаулығын
қорғау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажет.
Жануар иелері нені білуі керек?
Әрбір жануар иесі:
ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
- жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне,
жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
Қандай ақпараттық жүйелер қолданылады?
· «ИСЖ» ақпараттық жүйесі —
жануарларды сәйкестендіру және есепке алу;
- «Төрт-түлік» жүйесі — ауыл
шаруашылығы жануарларын есепке алу;
Қандай жануарлар тіркеуге жатады?
- ірі және ұсақ мүйізді мал;
- жылқы, түйе;
- шошқа;
- заңнамада көзделген басқа жануарлар.
Тіркеу не үшін қажет?
· тегін және субсидияланатын
ветеринариялық қызметтерді алу
үшін;
- жұқпалы аурулардың алдын алу үшін;
- жануарларды сату, тасымалдау және союға рұқсат алу үшін;
- жануарға меншік құқығын растау үшін.
Маңызды!
ветеринариялық қызмет көрсетілмеуі мүмкін;
- тіркелмеген жануарларды тасымалдауға
тыйым салынады;
- талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Қайда жүгінуге болады?
- Тимирязев аудандық ветеринариялық станциясы;
- ауылдық округтің ветеринариялық дәрігерге;
- ауылдық округтің әкімдігіне.