2023 жылдың 08 тамызында Тайынша ауданының әкімі Макашевка ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Аудан әкімі ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы атап өтіп, жергілікті тұрғындарға: ЖШС қызметкерлеріне жалақы уақытында төленеді ме, олар ауыл өміріне белсенді қатысады ма деген сұрақтар қойды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары ауылға кіретін жолды жөндеу, логистика және ауылдағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары тақырыбында бірқатар мәселелерді көтерді. Барлық сауалдарға түсініктемелер беріліп, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.