2023 жылғы 25 мамырда Тайынша ауданының әкімі Чермошнян ауылдық округінің Бахмут ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу көшеде ашық сұхбат түрінде өтті. Ауыл тұрғындары Бахмут ауылынан Леонидовка ауылына дейінгі жол учаскесін жөндеу және интернет пен ұялы байланыс сапасын жақсарту жөнінде сұрақ қойды. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.