2023 жылғы 19 мамырда Тайынша ауданының әкімі Амандық ауылдық округінің Жаңадәуір ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Ауыл тұрғындары сумен жабдықтау, ұялы байланысты жақсарту, пай жерлерін, жайылымдарды пайдаланудың заңдылығы және ауылда ауыл шаруашылығын дамыту үшін кредиттер, гранттар беру мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.