Аудан әкімі 23 ақпанда Летовочное және Чермошнянка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Ауыл тұрғындары сумен жабдықтау, жарықтандыру, жеңілдетілген несиелер беру және кенттік жолдарды жөндеу туралы мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды. Аудан әкімі осы ауыл тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдады.