2022 жылдың 2 тоқсанына Тайынша ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету туралы қызметi туралы есеп

2022 жылдың 2 тоқсанына Тайынша ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету туралы қызметi туралы есеп

2022 жылдың 2 тоқсанында Тайынша ауданының жергiлiктi атқарушы органдарымен 4 343 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

  • қағаз түрiнде — 0 мемлекеттiк қызмет;
  • қағаз түрiнде, бiрақ «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлуi мүмкiн қызметтер — 15 мемлекеттiк қызмет;

Көрсетiлетiн қызметтiалушымен тiкелей байланыс және өтiнiмдi ақпараттық жүйеге қолмен енгiзу арқылы көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң ақпараттық жүйелерi арқылы электрондық түрде көрсетiлген қызметтер («электрондық үкiмет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) — 612.

Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны — 220 мемлекеттiк қызмет, «Электрондық Үкiмет» порталы арқылы – 3 496 мемлекеттiк қызмет.

Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 3 бақылау iс-шарасы өткiзiлдi, аздаған бұзушылықтар анықталды, ұсынымдар берiлдi.

2022 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша 87 iс-шара өткiзiлдi, оның iшiнде:

  • Аудан әкiмдiгiнiң — 1 отырысы;
  • ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен құқықтық жаппай оқыту — 12;
  • жергiлiктi атқарушы органдармен онлайн-семинар — 2;
  • Краснополян ауылдық округiнiң халқымен 8 жиын;
  • МҚАД ресми парақшасында жариялануымен белгiленген мемлекеттiк қызметтердi дәрiптеу бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының 28 тiкелей эфирi;
  • аудандық «Тайыншинские вести», «Тайынша таңы» газеттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 8 мақала жарияланды;
  • Аудан әкiмiнiң сайтында 10 жарияланым орналастырылды;
  • 18 жарияланым Фейсбукте жарияланды.

1 бейнеролик (Келлер ауылдық округi) ауданәкiмiнiң интернет-ресурсында, мемлекеттiкоргандардың интернет-ресурстарында, Фейсбук әлеуметтiк желiлерiнде, СҚО МҚАД Ю-Туб арнасында әзiрлендi және жарияланды.

Facebook әлеуметтiк желiлерiндеме млекеттiк қызметтер мәселелерi бойынша 3 интернет-конференция өткiзiлдi (жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, АХАТ, экономика бөлiмi).

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша ақпараттық брошюралар әзiрлендi (жер қатынастары бөлiмi, Драгомировка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты), көрсетiлетiн қызметтi алушылар арасында тарату бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 3 317 брошюра таратылды.

Жергiлiктi атқарушы органдардың өзiне-өзi қызмет көрсету аймағы арқылы шамамен 2 100 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi (Ескерту. Қазiргi өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарынан 28 бұрыш ауданның қарамағында, қалғандары бiлiм басқармасының қарамағында, осыған байланысты бiлiм беру ұйымдарының өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарында алынған қызметтер басқарманың есептiлiгiне жiберiледi).

2022 жылдың 2 тоқсанында «Электрондық үкiмет» порталын пайдалану дағдыларын оқытумен 3 968 адам қамтылды, бұл экономикалық белсендi халықтың жалпысанының 17% құрайды (23 067 адам).

Департаменттi шақырумен қызмет көрсетушiлердiң (жер қатынастары бөлiмi) қатысуымен СҚО Тайынша ауданы Қоғамдық кеңесiнiң 1 отырысыө ткiзiлдi.

2022 жылдың 2 тоқсанында ҮЕҰ-нышақырумен Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерiнде 3 азаматтарды қабылдаужүргiзiлдi.

Қызмет алушылардың көрсетiлетiн қызметтiберушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына, қолжетiмдiлiгiне және рәсiмдерiне қанағаттану деңгейiн айқындау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде проблемалық мәселелердi анықтау мақсатында ҮЕҰ-мен бiрлесiп есептi кезеңде әлеуметтiк маңызы бар объектiлерге бару бойынша 3 қоғамдық бақылау жүргiзiлдi.

Аралау барысында мемлекеттiк қызметтердi көрсету орындарында мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн жағдай жасау бойынша 5 бұзушылық анықталды, олар ағымдағы тоқсан iшiнде белгiленген мерзiмге сәйкес жойылды.

2022 жылдың 2 тоқсанында «Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелiлiгi мен сапасын басқару» тақырыбында мемлекеттiк қызмет көрсету саласында бiлiктiлiктi арттыру бойынша онлайн-курстардан 10 маман өттi.

Қызмет алушылардан мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.