Жалпы ішкі саясат бөлімінің жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауға бағытталған;
Мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократизациялау және қоғамды топтастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу, Тайынша ауданында гендерлік саясатты іске асыруды аудандық газеттерде ақпараттық жариялау.
Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, діни бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.
Ауданда 2 газет – «Тайынша таңы», «Тайынша вести» жұмыс істейді. Аудандық БАҚ-та мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар, сондай-ақ республиканың, облыстың және ауданның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан үдерістер жарияланады.
Тайынша ауданында 11 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген:
ҮЕҰ өз қызметі туралы деректерді дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің үкіметтік емес ұйымдарының бірыңғай базасына уақтылы ұсынады.
2022 жылдың 1 қаңтарына аудан жастарының саны 9516 адамды құрайды, оның ішінде Тайынша қаласы 3436, ауылдық елді мекендер 6080 адам, оның ішінде:
- 5 488 (жұмыс істейтіндер) немесе 57,6%.
- 664 (жұмыс істемейтіндер) немесе 6,9%
- 3 364 (студенттер және мектеп оқушылары) немесе 35,3%.
Ауданда 7 адамнан тұратын «Жүрекпен өмір сүр» еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Олар аз қамтылған отбасы балаларына, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, өрттен зардап шеккендерге көмектесіп жатқандарына бір жыл ғана емес. Бала жоғалған кезде іздеу жұмыстарына қатысты.
Сонымен қатар, әр мектепте еріктілер отряды ұйымдастырылды, олардың әрқайсысына жалғыз басты зейнеткерлер, ардагерлер және тыл еңбеккерлері тағайындалды.
Тайынша ауданында 8 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Акциялар мен қайырымдылық шараларға қатысады.
ҚР «ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты аудан бойынша бейбіт жиналыстар өткізуге арналған 2 орын, «Достық» орталық алаңы және «Жеңіс» саябағы анықталды. Есеп беру кезеңінде әр түрлі наразылық акцияларын өткізуге өтініштер түскен жоқ.
Әлеуметтік желілерде ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ВКОНТАКТЕ сайтында «Тайынша жастары» тобында 11199 адам, FACEBOOK сайтында «Тайынша ауданы SQO» тобында 4920 адам, INSTAGRAM Тайынша life 6327 сайтында, «ovptainsha» тобында 3911 жазылушы тіркелді.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңының 9 бабының 5 тармағына сәйкес аудан аумағында Тайынша ауданының қоғамдық кеңесі өз қызметін жүзеге асырады.
Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №145 шешімімен Тайынша ауданы қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жаңа құрамы бекітілді.
Жаңа құрамға кірді:
Боков «Вайнах» Солтүстік Қазақстан облыстық
Исса Гериханович ингуш мәдени орталығы» ҚБ
Галицкий өзін-өзі ұсыну
Борис Вечеславович
Горецкая өзін-өзі ұсыну
Нина Васильевна
Гусев «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ Солтүстік
Михаил Григорьевич Қазақстан облыстық филиалы Петропавл қаласы
Жемпеисов «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі
Самат Серікұлы жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ
СҚО бойынша филиалы
Изтаева өзін-өзі ұсыну
Нұршағара Дулатқызы
Кочелабова «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық
Светлана Витальевна бірлестігінің Тайынша аудандық филиалы
Рафальский өзін-өзі ұсыну
Анатолий Павлович
Сабырова «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
Гүлмира Сатвалдықызы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ
|
Хамзин «AMANAT Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Мереке Жақсылықұлы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық филиалы
Шәріпов өзін-өзі ұсыну Қайрат Кеңесұлы |
|
|
Ауданда аналар кеңесі бірнеше жыл жұмыс істеп келеді. Аудан әкімінің орынбасары — Бәтенова Гүлбаршын Қахарманқызы төрайымы болып табылады Аналар кеңесінің мүшелері:
|
|
Тайынша ауданы аумағында дін саласындағы ақпарат
Тайынша ауданында 19 діни бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде конфессиялық тиесілілігі бойынша:
- ислам — 6 (Тайынша қ., Чкалово, Келлеровка, Зеленый Гай, Теңдік, Қарағаш);
- православян — 3 (Тайынша қ., Большой Изюм, Чкалово);
- католицизм — 6 (Тайынша қ., Чкалово, Келлеровка, Зеленый Гай, Ясная Поляна, Озерное);
- протестантизм — 4 (ЕХБ (Християне-Бабтисты) — 1 Тайынша қ., лютеране – 1 Тайынша қ., «Емануил» қайырымдылық және Евангелизация миссиясы – 1 Тайынша қаласы, Жаңаапостол шіркеуі-1)
Ағымдағы кезеңде аудан аумағында өз қызметін жүзеге асыратын 23 миссионер тіркелген.
Діни қызмет өкілдерінің ресми органдардың қызметіне араласу фактілері тіркелген жоқ. Діни іс-шаралар діни ғимараттардан тыс жерде өткізілген жоқ.
Жекелеген азаматтар мен топтардың жағдайды тұрақсыздандыру фактілері анықталған жоқ.
2021 жылдың 10 маусымынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде «Халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» қызметі бойынша «Демеу» ЖҒҚ-мен 658 мың теңге сомасына шартқа қол қойылды,. 2022 жылы бұл қызметке 1 млн 100 мың теңге жоспарланған.Конкурс жарияланды.
Ауданда 5 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді: Сабырова Гүлмира Сатвалдықызы — ішкі саясат бөлімінің басшысы; Попова Нина Владимировна – «Аудандық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы; Ғазизов Дәулет Аманбайұлы — Тайынша ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны; Өтелбаева Балхия Сәрсембайқызы — аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі; Жұмабаева Асем Қайырбекқызы — ішкі саясат бөлімінің бас маманы.
АТТ мүшелері полиция бөлімімен бірлесіп, 2022 жылға арналған жалған терроризм және ҚР діни заңнамасын бұзу оқиғалары туралы баспа материалдарының Тайынша ауданының БАҚ-тарында жарияланымдарын орналастыру бойынша медиа-жоспар әзірледі.
Жыл басынан бері «Солтүстік Қазақстан облысында діни төзімділік және конфессияаралық келісім», «Балаларды рухани тәрбиелеу: парасатты қырлар», «Халықтың діни сауаттылығын арттыру релизиялық экстремизмге қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі», «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі», «Заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары» тақырыптарында дәрістер өткізілді дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары», «Дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары»
Сондай-ақ, ақпараттық кеңістікте діни экстремизм мен терроризмнің қарсы насихатын жетілдіру мақсатында өткен жылдан бері түсіндіру жұмыстарына қоғамдық пікір көшбасшылары тартылуда. Аудандық мәслихат депутаты А.Мұхаметқалиева 2 онлайн эфир өткізді. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Хамзин 3 онлайн эфир өткізді.
Есептік кезеңде 78 іс-шара өткізілді, онда 1535 адам қамтылды, оның ішінде: халықпен кездесулер — 6/65 адам, семинарлар 20/75, дәрістер 1/15, «Дөңгелек үстелдер» 2/35 адам, онлайн – дәрістер — 49/1345 адам.
АТТ мүшелері тоқсан сайын дәрістер, ақпараттық-анықтамалық материалдар, экстремизмге қарсы және патриоттық бағыттағы бейне өнімдер, ақпараттық буклеттер, парақшалар және брошюралар түрінде қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.
Тайынша ауданының аумағында терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында теріс ықпал ететін әлеуметтік шиеленіс анықталған жоқ. Ақпараттық-түсіндіру тобы Фэйсбук әлеуметтік желісінің «Тайынша ауданы SQO» тобы арқылы онлайн-форматта жұмыс жүргізеді.