Қызмет алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында "Nur Otan" партиясы филиалының бірінші орынбасары М. Ж. Хамзинмен, Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілерге бару бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында "СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ ғимаратында халықтың қауқары аз топтары үшін жасалған жағдайлар бойынша қоғамдық бақылау өткізілді.
Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік орган ғимаратында халықтың қауқары аз топтары үшін қажетті жағдайлар жасалғаны анықталды.:
Мониторинг барысында бір бұзушылық анықталды: ғимараттың холында келушілерді күтуге арналған орын болмады, атап айтқанда, күтуге және халыққа қызмет көрсетуге арналған үстел мен орындықтар (мамандардың айтуынша, семинар өткізу үшін үстел мен орындықтар уақытша ауыстырылды).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мемлекеттік органның басшысына бұзушылықты жою ұсынылды. Бүгінгі күні бұзушылықтар жойылды.