Қызмет алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында "Nur Otan" партиясы филиалының бірінші орынбасары М. Ж. Хамзинмен, Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар объектілерге бару бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында орталық аудандық кітапхана ғимаратында халықтың қауқары аз топтары үшін жасалған жағдайлар бойынша қоғамдық бақылау өткізілді.
Қоғамдық бақылау барысында аудандық орталық кітапхана ғимараты барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін халықтың қауқары аз топтары үшін қажетті жағдайлар жасалғаны анықталды:
Мониторинг барысында екі бұзушылық анықталды-шақыру батырмасы жұмыс істемеді (ауа райы жағдайына байланысты істен шықты), ғимаратқа кіреберіс пандуспен жабдықталған, алайда пандустың жабыны кафельдік жабынға ие, бұл мүгедектер арбасын жылжытқан кезде тайып кетуге әкеледі.
Бүгінгі күні аудандық орталық кітапхана басшысы аталған бұзушылықтарды жойды.