Тайынша ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және барлық үміткерлердің сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржы шығындарды қажет етпейді.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.