Меню

Страницы

Статья

КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды

2021 жылы 8 маусым
Интернет ресурсында
орналастырылды

КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» 151000, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 197, анықтама үшiн телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.bolatova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ персоналды басқару жөнiндегi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-3. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Президент Жарлықтарын, ҚР Үкiметiнiң Қаулыларын, әкiмдiктiң қаулыларын, облыс, аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiн, өкiмдерiн, аудан әкiмi аппараты басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша бақылауды iске асыру. Құрылымдық бөлiмшесiне жалпы басшылықты iске асыру, құрылымдық бөлiмшесiнiң мамандары арасында мiндеттердi бөлу. Талдау-анықтамалық материалдарды, статистикалық есеп берулердi, аудан әкiмiнiң аппаратында, ауылдық округтердегi басшылық лауазымдарға тағайындауға келiсу үшiн құжаттарды дайындау. Мемлекеттiк наградалармен, облыс, аудан әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапаттау үшiн материалдар ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау. «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталатындардың тiзiмдерiнiң жүргiзiлуiне бақылау жасау. Аппарат басшылығы үшiн талдау-ақпараттық материалдарды, кадр мониторингi бойынша және Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн сақтау туралы, кадр қозғалысы бойынша ұйымдастыру-басқару құжаттары бойынша есептiлiктердi дайындау. Аудан әкiмi тағайындайтын және тағайындауға келiсiлетiн саяси және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң тiзiлiмiне кiретiн кадр резервiн қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика мен арнайы есептер Комитетi басқармасына сұраулар жiберу. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiнде мемлекеттiк қызметкерлердiң арнайы тексерiстен өтуiне құжаттар дайындау. Тағылымдаманы, жетекшiлiктi, мемлекеттiк қызметшiлер қызметiнiң бағалауын, оқытылуын, қайта даярлығын (қайта бiлiктiлiк) және бiлiктiлiгiнiң жоғарылатуын ұйымдастыруды бақылау. Демалыстар кестесiн құру және оның орындалуын бақылау. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың жұбайларының табыстары туралы декларацияны уақытында ұсынуына бақылау жүргiзу. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң ант беруiнiң уақытылы жүргiзiлуiн қамтамасыз ету және ұйымдастыру. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптар жинағының құрылуына бақылау жасау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да мiндеттердi орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм: «әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), немесе «бiлiм», немесе «құқық» бейiндерi бойынша.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бiр жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесiнiң болуы;

7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес;

8) кеңесшi және көмекшi лауазымына жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ бас маман — бас бухгалтер.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-G-3. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 90963 теңгеден 122463 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Бухгалтерлiк есеп жүргiзу; қызметкерлерге жалақы есептеу; БЖЗҚ аударымдарды жүзеге асыру; негiзгi қаражаттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебiн және қозғалысын жүргiзу, түгендеу.

Мемлекеттiк мекеме бойынша жылдық қаржыландыру, мемлекеттiк сатып алу жоспарын құрастыру, оны орындау бойынша ай сайынғы ағымды есептiлiктi құрастыру.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару ақша шотына бақылау (АШБ) жүргiзу, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын құру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi: «әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару) бейiндерi бойынша.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейiнгi бiлiмi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмдерi: «сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану салалары бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша) немесе қаржы (салалар бойынша)) бейiнi бойынша барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келiсiм) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келiсiм) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттiк қызметшiлер, сонымен қатар терiс себептермен немесе олардың қызметiн бағалау, сынақ мерзiмiнiң не аттестаттау қорытындыларының нәтижелерi бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, егер ол өзге жеке және мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестiлеуден өтпестен қатысуға құқылы.

Жоғарыда аталған тұлғалар келесi құжаттар тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжат тапсырғанға дейiн бiр айдан аспайтын уақытта расталған қызметтiк тiзiм;

Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетiн ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердiң 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi.

Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергiлiктi атқарушы органдардың, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкiмi аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеленiп, 7 жұмыс күннiң iшiнде тапсырылуы тиiс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық поштасы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша ( DOC)

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
10 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы