Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары!
ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгi Төрағасының 11.01.2014 ж. № 06-7/179 бұйрығына сәйкес 2014 жылдың 1 наурызынан бастап тестiлеуге өтiнiш беру — қызметi электрондық нұсқада «электрондық үкiмет» веб-порталы, сонымен бiрге Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгiну арқылы ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiне бармай-ақ жүзеге асырылатын болады.
Автоматтандырылған «Электрондық жазылуды» қолдану бойынша нұсқаулықпен ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi Агенттiгiнiң http://kyzmet.gov.kz, сайтында қолданушыға «Агенттiк туралы» → территоралдық департаменттер → Солтүстiк Қазақстан облысы бөлiмiнде танысуға болады.
Интернет желiсi болмаған жағдайда Петропавл қаласы Қазақстан Конституция көшесi 58 (облыстық әкiмшлiк ғимараты), 509 кабинетi мекен жайы бойынша жүгiну қажет. Өзiмен бiрге жеке куәлiк болу тиiс.
Анықтама үшiн телефондары: 8 (7152) 50-18-21
ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi
Агенттiгiнiң СҚО бойынша департамент