Меню

Страницы

Статья

Жалған шақыру үшін нақты жаза бар

Өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық жәрдем, авариялық қызмет — бұл мекемелер күн сайын адамдарды бақытсыздықтан құтқарады. Оларға күн сайын көмекке шақыру туралы қоңыраулар түсiп жатады. Алайда адамдар өздерi кейде оларға жұмыстарын орындауға кедергi жасайды, жалған қоңыраулармен алаңдатады.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 438-бабына сәйкес отыз айлық есептiк көрсеткiш (63630 теңге) — арнайы қызметтерге жалған қоңырау шалу үшiн бұзақыларды күтетiн айыппұлдың мөлшерi осы. Ал егер де жыл iшiнде қоңырау екiншi рет немесе өрт және авариялар кезiнде соғылатын болса, онда әкiмшiлiк айыппұл мөлшерi екi есе артады (60 АЕК).

Көрiнеу жалған шақыру — бұл нағыз қылмыс. «Әзiлқойлар» көбiнесе бомбаның жатқаны туралы хабарлайды. Егер балалар хабарласқан болса, онда олар бомбаның мектепте тұрғанын айтады. Егер балалар кiшкентай болса, оларды түсiнуге болады, ал ересектердiң ненi басшылыққа алатынын түсiну өте қиын. Жыл сайын жалған шақырулар үшiн жауапкершiлiк күшеюде.

Мысалы, ағымдағы жылдың 02 қаңтары Жамбыл ауданының Пресновка ауылы №11 өрт сөндiру бөлiмiнiң байланыс пунктiне Пресновка ауылындағы шiркеудiң маңындағы тұрғын үйдiң жанып жатқаны туралы жалған қоңырау келiп түстi.

Шақыру орнына өрт сөндiру бөлiмiнiң кезекшi қарауылы желел түрде шықты, барлық өзара әрекеттесетiн қызметтер көтерiлдi. Шақыру орнына келген кезде өрт фактiсi расталмады. Деректердi нақтылау үшiн анықталған нөмiр бойынша хабар берген адаммен байланысу мүмкiн болмады (телефон сөндiрiлу болды).

Жалған қоңырау туралы материалдар процессуалдық шешiм қабылдау үшiн Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмiне тапсырылды.

Полиция қызметкерлерi аса қысқа уақыт iшiнде өрт туралы жалған ақпарат берген тұлғаны анықтады. Ол осы ауылдың 1976 ж.т. тұрғыны болып шықты. Ол ҚР ӘҚБ туралы К 438-б. 1-б. 29-б. сәйкес 36075 тг. сомасына айыпқұл түрiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Қазiргi техникалық құралдар қоңырау шалған кез келген телефон нөмiрiн және мемлекеттiң кез келген нүктесiн анықтай алады. Тiптi егер «жасырын» нөмiрден немесе таксофоннан хабарлауға тырысса да, зиянкестiң тұлғасы мiндеттi түрде анықталады, кейiн не болатыны жуыр арада болған оқиғаны мысалға келтiрiп жазылған.

Жыл сайын «101» нөмiрiне жалған шақырулар тiркелiп жатады. Тұтқаны көтерiп, жалған бомба немесе өрт туралы хабар берер алдында, дәл осы уақытта шын мәнiнде авария немесе өрт болып жатқан шығар, ойланыңыз. Мүмкiн дәл осы кезде құтқарушылар адамдардың өмiрi үшiн күресiп жатқан шығар, ал сiз өзiңiндiң жалған қоңырауыңызбен олардың жұмысына бөгет жасап, нағыз көмекке мұқтаж адамдардан алаңдатасыздар. Сондай-ақ өз балаларыңызға сақ болыңыздар, олардың осындай әрекеттердi жасамауын бақылаңыздар, оларға осындай әрекеттердi жасауға болмайтынын түсiндiрiңiздер!

Талғат Ерболұлы Хамит
Тайынша қаласы №17 өрт сөндiру бөлiмi
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау капитаны

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы