Тұрмыстық газ (пропан) өрт немесе жарылыстың пайда болуына маңызды қауiп-қатер тудыратыны барлығымызға мәлiм. Газды қолданумен байланысты өрттердiң баршасы баллондарды немесе газ плиталарды дұрыс емес пайдаланғандықтан туындайды. Қазiргi таңда бiздiң ауданымыздың елдi мекендерiнде газ баллондарын жүзеге асырушы фирмалар, негiзiнде, газ плиталарына техникалық қызмет көрсетпейдi және оларды орнатпайды, тек газ баллондарын сатумен ғана айналысады. Сондықтан пәтерлерде газ плиталар мен баллондарды дұрыс пайдалану үшiн жауапкершiлiк үй иелерiне жүктеледi. Газ баллондарын орнату және газ плиталарды пайдалану кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң мына ережелерiн қатаң сақтау керек. Газ баллонын сатып алғанның өзiнде, газ баллоны клапонының өткiзбеушiлiгi мен тығыздауыш резеңке сақинасының жағдайы тексерiлуi керек, бұны газ баллондарын жүзеге асырушы фирманың қызметкерi iстеуi тиiс. Сондай-ақ, газ баллонының пiсiрiлген жерлерiнiң тұтастығын көзбен шолып тексеру керек. Газ баллонына плита редукторын орнатқаннан кейiн редуктор клапанын ашу қажет, сонымен бiрге плитаның шүмектерi жабық қалпында болуы тиiс. Осыдан кейiн сабынның көпiршiгi көмегiмен газ баллоны мен плитаның резеңке майтүтiгi жалғасқан жерде редуктордың өткiзбеушiлiгiн (герметикалығын) тексеру керек. Жалғасқан жерде саңылаулар болса, сабынды көбiкте көпiршiктер пайда болады, тап осы жағдайда редуктордың жағдайын тексеру керек, баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтастығына тағы бiр рет көз жеткiзу қажет. Кез келген жағдайда жалғасқан жерлерде өткiзушiлiк болғанда, газ плитасымен қолдануға тыйым салынады. Сондай-ақ, резеңке түтiктiң тұтастығын көзбен шолып тексеру қажет. Редуктордың өткiзбеушiлiгiн тексеру үшiн ашық отты қолдануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Дәл осылай газ плитасындағы газ түтiктерiнiң өткiзбеушiлiгiн кей-кейде тексеру қажет. Газ плитасымен қолданған кезде: — жалғасқан жерлердiң өткiзбеушiлiгiн тексерусiз газ плитасымен қолдануға; — газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз; — балаларға плитамен қолдануға жол бермеңiздер; — плитада жанғыш сұйықтықтарды жылытуға тыйым салынады. Егер Сiз болмай қалғанда, плитадағы от сөнiп қалса, сақ болыңыз, темiрпеш қақпағында тағамның қайнағандығынан газ баллоннан бөлмеге шығып кетуi мүмкiн екендiгiн есте сақтаңыздар. Бөлмеде газды-ауалы қоспа пайда болуы мүмкiн, осы жағдайда кез келген от немесе ұшқын өртке әкеп соқтыруы мүмкiн.
Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде тыныштық сақтау керек және газ баллонының жарылысы тек баллонға сыртан түскен жоғары температура әсерiнен ғана болуы мүмкiн екендiгiн есте сақтаңыздар. Тұтануды өшiру үшiн баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Тап осы жағдайда баллонды сумен сөндiру ешқандай нәтиже бермеуi мүмкiн. Егер баллонды өшiре алмасаңдар, онда багердiң немесе сол сияқты заттың көмегiмен жанып жатқан баллонды пәтерден шығару керек және 101 телефоны бойынша өрт қызметiн шақыру қажет. Тұрмыстық газды дұрыс емес пайдалану өрттерге, күйiктерге және т.б. салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн екендiгiн тағы бiр рет естерiңiзге саламыз. Өзiңiздi өрттiң қауiп-қатерiне душар етпеңiз! Әрдайым өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн сақтаңыздар!
Өртке қарсы қызмет телефоны «101».
Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөлiмiнiң сенiм телефоны 23-4-15.
Бас маманы ТЖб Тайынша ауданы
азаматтық қорғау капитаны А. Лазоренко