Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қорғаныс – мемлекет стратегиясының буыны

Дүниежүзiлiк жұртшылық жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзiлiк азаматтық қорғаныс күнiн мерекелейдi. Азаматтық қорғаныс тарихы медицина қызметiнiң француз генералы Жорж Сен-Поль Парижде «Женева аймағының қауымдастығы» ұйымын негiздегенде1931 жылдан басталады, кейiн ол Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы (АҚХҰ) болып қайта аталған. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы 1972 жылдан бастап қызмет етедi. Қазiргi таңда оның құрамына әлемнiң 50 елi және бақылаушылар ретiнде 20 ел кiредi. Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымы азаматтық қорғаныс мәселелерi халықаралық деңгейдеЖарғымен жүктелген жалғыз ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлiгi азаматтық қорғаныс Халықаралық ұйымының қатысушылары құрамына 1996 жылы ендi. Қазiргi таңда азаматтық қорғаныс бейбiт уақыттажәне соғыс уақытындаадамдар өмiрiн, олардың мүлiгi мен қоршаған ортаны қорғау шараларын өткiзуге үнделгенжалпыұлттық жүйе ретiндеқауiп-қатердiң алдын алу бойынша мемлекет стратегиясының сенiмдi буыны болып табылады. Азаматтық қорғаныстың басымдықтары арасында бұрынғыдай, бiрiншi кезекте тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып қалады. Алайда азаматтық қорғаныс жалпыхалықтық iс болып табылатынын да ұмытпау қажет. Тұрғындар кез келген төтенше жағдайдайларға дайын болуы керек, қандай дұрыс әрекет жасау керек, қайда бару керек және өзiне, өзiнiң туған-туысқандарына немесе зақымданушысы адамға қажеттi көмектi қалай көрсету керектiгiн бiлуi тиiс. Тайынша ауданының төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмi әрдайым жоспарлы негiзде сол немесе өзге төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша халықты оқыту жөнiндегi iс-шараларды өткiзедi, оқу орындарындағы оқушылармен жұмысқа ерекше көңiл бөлiнедi, Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң сайтында төтенше жағдайлар бөлiмiнiң бетi қызмет етедi.

Бас маманы ТЖб Тайынша ауданы
азаматтық қорғау капитаны А. Лазоренко

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы