Меню

Страницы

Статья

Балалардың отпен тентектігі

Өрттердiң пайда болу себептерi алуан түрлi. Алайда олардың iшiнде ерекше көңiлге түсетiнi — балалардың отпен тентектiгi. Балалардың қолындағы сiрiңкелер үлкен бақытсыздыққа (бәлеге) әкеп соқтыруы мүмкiн. Балалардың отпен тентектiгi себебiнен болған өрттер көбiнесе өрт қауiпi кезеңiнде, балалардың жазғы демалысы уақытында пайда болады. Балалардың отпен тентектiгiнен кейбiр сақтық шаралары туралы еске сала кетейiк:

  • балаларды жасы үлкен балалармен де үйде жалғыз жаппаңыз;
  • балалардың қолы жетпейтiн жерлерлерде сiрiңкелердi, шақпақтарды, пиротехникалық бұйымдарды (салюттер, петардалар, шартылдақтар) сақтаңыз;
  • балаларды ересектердiң қарауынсыз үйде де далада да қалдырмаңыз;
  • балаларға сарайларда, шатырдың астында, пiшен сарайларында, шаруашылық құрылыстарда, шаруашылық қора-қопсыларда ойнауға рұқсат бермеңiз;
  • балаларға отпен ойнау қаңдай қауiп төндiретiнiн және ол неге әкеп соқтыратынын әрдайым түсiндiрiп отырыңыз.

Балалардың отпен тентектiгiнен тек материалдық құндылықтар ғана емес, сонымен қатар қоршаған адамдар мен балалардың өзiне зиян келуi мүмкiн. Ересектер отпен ойнаудың қауiптi екендiгiн балаларға әрдайым түсiндiруi және есте сақтауы қажет. Оларға тұрмыс электр құралдарымен дұрыс қолдануы дағдыларын, үйде, далада, мектепте, аулада дұрыс тәртiбiн тәрбиелеу керек.

Құрметтi ата-аналар, жоғарғы сынып оқушылары! Егер отпен қауiптi ойын ойнап жатқан баланы көрсеңiз, сырт өтiп кетпеңiз, немқұрайлы болмаңыз, баланы бәледен сақтаңыз (арашалаңыз)!

Тайынша ауданы ТЖб аға инженеры
азаматтық қорғау капитаны Р. Габдулин

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы