Ағымдағы жылдың 22 сәуiрiнде Тайынша ауданының әкiмi И.И. Турков Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң
жанындағы төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi, онды мынадай мәселелер қарастырылды:
1) «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында өрт қауiптi кезеңде өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шараларды орындау туралы. Өрт сөндiру пункттерiнiң жабдықталуы»;
2) «2020 жылғы шомылу және балық аулау маусымы кезеңiнде ауданның су айдындарында адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету»;
3) «Өндiрiстiк объектiлердегi төтенше жағдайларға ден қою туралы».
Аталған күн тәртiбiндегi қаралған мәселелер бойынша тиiстi тапсырмалар берiлдi.