«Жастардың кадрлік резерві» жобасына құжаттарды қабылдаудың басы туралы хабарландыру
«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық пратиясының «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық стипендиясының стипендианттар Ассоциациясымен бірлесе отырып 15 наурыздан бастап «Жастардың кадрлік резерві» жобасына қатысуға құжаттарды қабылдауды жариялайды. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының креативті түрде ойлайтын 29 жасқа дейінгі, құжаттарды беру кезінде жоғарғы оқу мекемесін бітірген азаматтар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:
Көрсетілген тізбеге сәйкес келмейтін, сондай-ақ құжаттарды қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен конкурстық құжаттама ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды.
Толығырақ ақпаратты www.rezerv.kz. сайтынан ала аласыз.
ҚҚП
МАҚСАТ
Мемлекеттік және басқа да, ақпараттық ресурстарға тең құқықты қол жетімділікті қамтамасыз ету;
Селолық аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары мен мегаполистары арасындағы, ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдайлар жасау;
Интернет-технологияларды пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру.
АРНАЛУ
БАСЫМДЫЛЫҚ
1. эргономдық және жинақылық;
2. сенсорлық экран;
3. принтер (формат A4);
4. өндіріс компьютер.
Қоғамдық қол жетімділік пунктары арқылы көрсетілетін электрондық қызмет көрсетулердің базалық көздері мыналар болып табылады:
Қоғамдық қол жетімділік пунктін пайдалану бойынша нұсқаулық
Ақпарат алу үшін сенсорлық экранның сол жақ жоғарғы экранында бейнеленген қосалқы графикалық элементтерді (кнопкалар) пайдалану қажет: 1-ші кнопка — «вперед», 2-ші кнопка — «назад», 3-ші кнопка- «стоп», 4-ші — «закончить сеанс».
Жұмысты бастау үшін оң жақ жоғарғы бұрышта орналасқан «адресной строке» сөзіне курсорды қою қажет.
Төмендегі менюді таңдау немесе оң жақтағы төменгі бұрышта орналасқан, ақпараттық ресурстың мекенжайын «экрандық клавиатура», көмегімен теру қажет.
Қол жетімді, ақпараттық ресурстарға Қазақстан Республикасының сайттары мен порталдары жатады.
Ресурстардың беттерін жылжыту және экрандағы беттерді басқару үшін кнопкаларды пайдалану қажет.
Таңдалған форманы басып шығару үшін сол жақтағы төменгі бұрышта орналасқан «печать» кнопкасын басу қажет.
Конфигурациясына байланысты ҚҚП -ның екі түрі болады: 1-ші үлгідегі ҚҚП және 2-ші үлгідегі ҚҚП.
1-ші үлгідегі ҚҚП — бұл USB-портымен жабдықталған, қоғамдық орынға орналастырылған, компьютерлік техникамен жұмыс істей алатын, өз бетінше қажетті, ақпарат ала алатын қабілеті бар кез-келген азаматқа қол жетімді, ақпараттық дүңгіршек. Қызметті алу уақыты минималды түрде.
2-ші үлгідегі ҚҚП персоналдық компьютерден, принтерден және сканерден тұрады. Бұл конфигурация азаматтар ұзақ уақыт бойы, ақпарат ала алатын орындарға арнайы орнатылған. Сонымен қатар электрондық ақпаратты алу кезінде құжаттардың көшірмесін жасау және консультация алу қажеттілігі туындауы мүмкін.
Қоғамдық қол жетімділік пунктері Қазақстан халқы арасындағы Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту, мемлекеттік және басқа да, ақпараттық ресурстарға құқығы тең қол жетімділікті қамтамасыз ету, азаматтар мен билік органдарының өзара әрекетін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Сонымен қатар мегаполистер мен ауылдық аудандар және шағын қалалар тұрғындары арасындағы, ақпараттық теңсіздікті жою үшін, сондай-ақ интернет-технологияларды пайдалану арқылы халықтың жалпы сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар туғызуға бағытталған.
ҚҚП-ның көмегімен анықтамалық ақпарат алуға, құжаттар мен анықтамаларды басып шығаруға, виртуалдық қабылдауға өтініш жазуға, үкіметпен сұхбатқа қатысуға, электрондық поштамен жұмыс істеуге болады. ҚҚП-лардың тек қана қазақстандық сегментке кіретін сайттарға ғана шығу мүмкіндігі бар.
Біздің ауданымызда 1-ші үлгідегі 3 ҚҚП және 2-ші үлгідегі 1 ҚҚП жұмыс істейді, олар келесі мекенжайларда орналасқан:
Электрондық санды қол қою (ЭСҚ)
Электрондық санды қол қою дегеніміз не?
Электрондық санды қол қою (одан әрі текст бойынша — ЭСҚ) — бұл өз қолымен қойылған қолға ұқсайды. ЭСҚ электрондық құжаттарға заңды күштерін енгізу үшін қолданылады, қағаз түріндегі құжаттарға қол қоюға құқылы тұлғаның өзінің қойған қолы және мөрмен расталған заңды күшіне тең.
ЭСҚ — бұл электронды санды қол қою арқылы және электронды құжаттардың, оның мазмұнының тиістілігі және өзгермейтіндігінің дұрыстығын растайтын, электронды санды белгілердің жиынтығы.
Электрондық санды қол (ЭСҚ — кілт) қоюды қолданудың негізгі мақсаты құжаттардың қағаз түрінен электронды түрге ауысуы. Бұл құжаттардың бастапқы кезеңінен электронды түрде рәсімделетінің және қағаз түріне аударылмайтындығын (басылып шығарылмайтындығын) білдіреді.
Сондай-ақ «кілтті» электронды хат алмасу құралы арқылы хат жіберу кезінде қолдануға болады, яғни адресат хатты сіздің жіберген түрінде алатындығына сенімділік пайда болады. Е-үкімет порталы арқылы кез келген билік органына жүгінуіңізге және электронды жәшігіңізге жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.
Әрі қарай салық деклорациясын толтыру үшін кілтті қолдану мүмкіндігі қаралады.
Сіздің кілтіңізді өзіңіздің ғана қолданатындығыңызға үлкен сенім арту үшін оны жинап тасушыға экспорттауға болады. Егер нұсқауды дұрыс және дәл орындайтын болса, бұл көп қиындық туғызбайды.
Кілт барлық жүгінушілер үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХККО) тегін беріледі.
ЭСҚ кім үшін қажет?
ЭСҚ-ны қайда қолдануға болады?
«Электронды үкімет» www.e.gov.kz порталы құралымен ЭСҚ-ны қолдану арқылы ұсынылатын қызметтер тізімі:
ЭСҚ-ны қалай алуға болады?
Ол үшін ұлттық куәландыру орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz порталынан кілтті дайындауға өтінімдер ұсынылатын компьютерге бағдарламалық қамсыздандыруды тағайындау қажет. Одан әрі бағдарламалық қамсыздандыру тағайындалғанын электрондық почтаның мекенжайын көрсете отырып, порталдағы on-line тәртібімен өтінім беріледі. Өтінімнің нөмірін алған соң тіркелім куәлігінің (бланкілер және өтініштердің үлгілері www.pki.gov.kz сайтында орналасқан) шығуына Өтініш толтырылады. Толтырылған өтініш және құжаттар пакетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландыру Орталығының тіркелім Орталығына ұсыну қажет.
Толтырылған өтініштердің және ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін, сіз көрсетілген мекенжайыңызға кілтті тегін аласыз.