Меню

Страницы

Статья

Гендерлік саясат

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан әйелдердi қорғау жөнiндегi топтың сенiм телефоны — 8(7152) 61-25-30;

Әйелдердi қолдау орталығы — 8(7152) 52-98-86.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысының хатамасы Zip

Қазақстанда бір жылда 117 мыңға жуық заңды тұлғалар тіркелген

1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметке» берілгеніне тура бір жыл толады. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік корпорация 116 997 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеді. Барлығы Азаматтарға арналған үкіметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берілген.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу Әділет министрлігінің құзырында қалды.

Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу тіркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкімет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тіркелген ЖШС саны жоқ.

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілген - 33 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелген. Екінші орында Нұр-сұлтан. Мұнда бір жыл ішінде 24 мыңнан астам тіркеу жүргізілді. Үшінші орында Қарағанды облысы – заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша 7 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ең аз сұранысқа ие.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттік корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» бастамасымен «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң толықтырылды.

Атап айтқанда, Жарғының телнұсқасын беру мерзімі үш жұмыс күнінен бір күнге дейін, бизнесті қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі он жұмыс күнінен беске дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, басшының, қызметтің негізгі түрінің және т. б. өзгеруі сияқты заңды тұлғалардың деректерін өзгертуді автоматтандыру мәселесі пысықталуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Дата публикации
08 июня 2021
Дата обновления
08 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы