Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттiк қызмет

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

«Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауының ережесi

I. Жалпы ережелер

1. «Менiң әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауы (бұдан әрi — Байқау) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсi күнiн мерекелеу шеңберiнде өткiзiледi.

2. Байқауды өткiзу, жұмыстарды бағалау тәртiбi, жеңiмпаздарды iрiктеп, Байқау жеңiмпаздарын марапаттау шарттары осы Ережемен белгiленген.

3. Байқау ұйымдастырушысы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi болып табылады (бұдан әрi  — Департамент).

II. Байқау мақсаты

4. Байқау мақсаты:

- мемлекеттiк қызметтi насихаттау;

- өскелең ұрпақта мемлекеттiк қызметке деген белсендi азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;

- оқушылардың шығармашылық әулеттерiн арттыру болып табылады.

III. Байқауға қатысу шарттары

5. Байқау жасы 12-15 аралығындағы мемлекеттiк қызметшiлер балаларының арасында өткiзiледi.

Конкурстық жұмыста ТАӘ, туылған күнi, бiлiм беру ұйымының атауы (мектептер), байланыс телефонын (үй тел., мобильдi байланыс, e-mail мекен-жайы) көрсету қажет.

6. Шығарманы үмiткер өз еркiмен қазақ немесе орыс тiлдерiнде жазады, осыған дейiн шығарманың интернет желiсiнде және басқа да ақпарат көздерiнде жарияланбауы керек;

7. Конкурстық комиссия I, II, III орындарды иеленген жеңiмпаздарды анықтайды.

8. Байқау өткiзу мерзiмi мен кезеңдерi:

- 1 кезең: 2020 жылғы 5 маусымнан 15 маусымға дейiн — жұмыстарды қабылдау;

- 2 кезең: 2020 жылғы маусымның 16-18 аралығында — комиссиямен конкурстық жұмыстарды қарау, жеңiмпаздарды анықтау;

- 3 кезең: 19 маусым — жеңiмпаздарды марапаттау.

9. Шығармаларды бағалау кезiнде келесi талаптар назарға алынады (5 критерий):

- белгiленген тақырыпқа сай болуы;

- тақырыпты тереңнен ашу;

- стиль, мазмұндау тiлi;

- материалдарды стандартты емес ұсыну, өзектiлiгi;

- өз пiкiрлерiнiң болуы, аталған тақырыпқа өз көзқарасын көрсету.

10. Әрбiр критерий бойынша 5-балдық жүйе бойынша баға берiледi. Ең көп балдар жинаған үмiткер жеңiмпаз болып анықталады. Егер бiрнеше үмiткер балдардың тең санын жинайтын болса, Байқау жеңiмпазын анықтау жөнiндегi соңғы шешiмдi конкурстық комиссия төрағасы қабылдайды.

11. Конкурстық жұмыстар Департаментке ugu_sko@bk.ru электронды мекен-жайына немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Шығармалар байқауы» сөзiмен жiберiледi. Байланыс телефондары: 36-01-42, 87071571421.

4. Жеңiмпаздарды марапаттау.

12. Жеңiмпаздар дипломдармен марапатталады.

13. Байқау қорытындысы мен жеңiмпаздары туралы ақпарат БАҚ-та, Департаменттiң ресми сайтында, әлеуметтiк желiлерде орналастырылады. Үздiк конкурстық жұмыстар Департаменттiң интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Президенттiк жастар кадр резервiне iрiктеу басталды

Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.

Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.

Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.

Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.

Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тiркелу қажет.

Қосымша Zip

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi «Үздiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерi» конкурсын өткiзiп жатыр

Құрметтi тайыншалықтар!

Еңбек нарығының жағдайы жылдан-жылға қиындап бара жатыр. Ұйымдардың қызметкерлердiң икемдiлiктер мен бiлiмдерiне деген талаптары өсiп, еңбек нарығындағы қарым-қатынас қиындығы ұлғайып бара жатыр.

Бiз Сiздерге мемлекеттiк қызметке келiп, мұнда өз мүмкiндiктерi мен әлеуетiн дамытуға, мансап құруға ұсынамыз.

Тайынша ауданы әкiмiнiң аппаратында персоналды басқару қызметi жұмыс iстейдi, оның басты мақсаты адамдарды мемлекеттiк органдарда бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналастыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Ауданда бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға конкурстарды өткiзетiн бiрыңғай конкурстық комиссиясы бар.

Тестiлеуден және әңгiмелесуден өтуге қорқыныштың болуына байланысты, сiздер конкурстарға қатыспайсыздар.

Жоғары және орта арнайы бiлiмi бар жұмысқа орналасуға ықылас бiлдiргендердiң барлығын аудан әкiмi аппаратының жанындағы персоналды басқару қызметiне келуге шақырамыз.

Сiзбен, Сiз қатыса алатын, мамандығыңыздың бар бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бойынша әңгiмелесу өткiзiледi. Тестiлеуден өту туралы куәлiктi алу үшiн қандай заңдар бойынша дайындалу керектiгi туралы түсiнiктеме беремiз. Аудан әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне 2-38-57 телефоны арқылы хабарласуға болады, бар бос лауазымдар жөнiндегi ақпарат аудан әкiмiнiң tsh.sko.gov.kz сайтында бар. Бiз Сiздердi күтемiз!

Дата публикации
23 февраля 2022
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы