Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешімі негізінде, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан бір мезгілде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде зиян келтіруге байланысты тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне әлеуметтік көмек көрсетілді.
8 елді мекенде тұратын су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауданның 20 тұрғынына 7,3 млн.теңге төленді. Жергілікті ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылды.