Меню

Страницы

Статья

БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары)

Аудандық «Тайынша таңы» қоғамдық-саяси газетi

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша аудандық «Тайынша таңы» қоғамдық-саяси газетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлiгiнде 2005 жылғы 14 желтоқсанда тiркелдi. «Тайынша таңы» газетi қазақ тiлiнде мемлекеттiк және ақпараттық саясатты жүргiзедi, сондай-ақ тұрғындарға жарнамалық та қызмет көрсетедi. «Тайынша таңы» аудан көлемiнде мемлекеттiк тiлде шығатын жалғыз газет болып табылады. 2006 жылдан бастап «Тайынша таңы» газетiн Нұралина Гүл Жамашқызы басқарып келдi. Көлемi 4 баспа табақ. Газет аптасына бiр рет — жұма күнi шығарылып, Тайынша ауданының барлық елдi-мекендерiне таратылады. «Тайынша таңы» газетi Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң тапсырысы бойынша шығып, мемлекеттiк-ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi ресми басылым болып саналады. Басылым жоғары шапшаңдылығымен ерекшеленедi, сондай-ақ жұмыс барысында тек сенiмдi ақпаратты ғана пайдаланады. Газет беттерiнде «Билiк пен iс», «Мереке мезетi», «Абаттандыру», «Тағзым», «Аудандық әкiмдiкте», «Хат жаздым, қалам алып…» айдарларымен өңiрдiң сан-қырлы өмiрi жан-жақты жазылып, ауданның билiк органдарының маңызды құжаттары жарияланады. Негiзгi тақырыптар: саясат және экономика, мәдениет және өнер, спорт, денсаулық сақтау саласы, бiлiм және ғылым. Газет оқырмандары — ауданның iскер және белсендi халқы. Газет А3 форматта офсеттi әдiспен басылады. «Тайынша таңы» газетiнiң толық электрондық нұсқасы Инетернет желiсiнде http://www.taynshatany.kz жеке веб-сайтында орналасқан. «Тайынша таңы» газетi «Қазпошта» АҚ-ның Тайынша аудандық пошта байланыс торабымен таратылатын мерзiмдi басылымдар тiзiмiнде.

Редакцияның мекен-жайы: 151000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 137

Индекс: 65710

Байланыс телефоны/факс: 8 (71536) 22-9-64

E-mail: tainsha_tan@list.ru 

01.01.2021 ж. таралымы — 1300 дана.

«Тайыншинские вести» газеті

Меншiк иесi: «Тайынша-Информ» ЖШС
ЖШС Директоры: Нұрсейiтова Айгүл Елемесқызы
Газеттiң редакторы: Соболевская Ольга Ивановна
Aпта сайын басылып шығарылады: әр жұма сайын
01.01.2014 ж. таралымы — 6000 дана
Мекен-жайы: 151000, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Астана к.,167.
Тел.: 8 (71536) 21-8-60, факс: 8 (71536) 23-2-00.
E-mail: T-vesti@mail.kz 
Интернеттегi сайты: www.tv.ivest.kz 
1932 жылдың 5 мамырынан бастап шығарылады

Тарихқа шолу

Аудандық газеттiң алғашқы нөмiрi 1932 жылдың 5 мамырында шықты. Ол кезде «Красная знамя» деп аталды.

Бiрiншi он жылдықта газет екi бет болып, бiр данададан бiр жарым мың данаға дейiн басылып шығарылатын. Ең алғашында екi жұмада бiр рет, бертiн келе апта сайын, ал 50-шi жылдары аптасына екi реттен де шығатын.

1959 жылдан бастап аудандық газеттiң көлемi жағынан ұлғайды — 4 жолақты болды, бiрақ та бұрынғыдай аптасына 2 рет шығарылды. Газет атауы бiрнеше рет ауыстырылды. Ең алғашқы атауы — «Красная знамя», «Красная звезда», «Сельские вести», ал қазiр ол «Тайыншинские вести» деп аталады. Бүгiнгi күнi « Тайыншинские вести» үш бұрынғы аудандық басылымның — «Заветы Ильича» Келлер, «Красная звезда» Красноармейск, «Сельские вести» Чкалов аудандарының мұрагерi болып табылады.

Қазiрi уақытта газет аптаның жұма күнi 16 беттiк көлемде шығады. Түрлi түстi бояуда шығарылады және басылымдарға қойылатын барлық стандарттарға сәйкес келедi. Ауданда да, облыста да абыройлы және танымал басылым болып табылатындықтан, аудандық газетiнiң активiнде 6000 астам жазылушы бар.

Басылымның меншiк иесi «Тайынша-Информ» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып табылады.

«Тайыншинские вести» газетi мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыратын аудан әкiмiнiң ресми басылымы болып табылады.

Бұл газеттiң бiрiншi редакторы Ф.С. Машовец болған. Одан кейiн аудандық газеттi И. Дубровин, Н. Казаренко, Н. Походун, В. Сахаров, А. Дмитриенко, Н. Николаенко, А. Гаврилов, А. Бочуля басқарған.

2000 жылдан бастап газеттi Р.И. Досмағамбетова басқарды. Ол ауданның басты ақпараттық басылымының дамуына зор үлес қосқан болатын. Бұдан әрi А.В. Несветеев, Т.П. Годня, Д.З .Мұхамедьярова басқарды.

2016 жылдан бастап О.И. Соболевская редакторы болып тағайындалды.

 

Дата публикации
28 мая 2023
Дата обновления
28 мая 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы