Меню

Страницы

Статья

Аудан тарихы

Тайынша ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының орталық бөлiгiнде, Батыс-Сiбiр ойпатының қиыр оңтүстiгiнде орналасқан.

1997 жылдың 2 мамырында Красноармейск (1934 ж. құрылған), Келлер (1936 ж. құрылған) және Чкалов (1939 жылы құрылған) аудандарын бiрiктiру жолымен құрылған.

1936-1944 жылдар аралығында Красноармейск ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының құрамына, ал 1944 жылдан бастап Көкшетау облысының құрамында болған.

1997 жылдан бастап бiрiктiрiлген Тайынша ауданы қайтадан Солтүстiк Қазақстан облысының құрамында.

Әкiмшiлiк орталығы — Тайынша қаласы. Аудан халқы — 47,2 мың адам, оның iшiнде Тайынша қаласында 11,4 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Ауданның аумағы 11,4 мың шаршы километрдi құрайды.

Ауданда 18 селолық округ, 1 қала, 89 елдi мекен бар.

Көрнектi орындар

Тайынша ауданында 90 тарихи-археологиялық ескерткiштер орналасқан.

Ауданда мемлекеттiк есепте 44 археологиялық ескерткiштер тұр, олар жаңа табылған және 2006 жылына көп қабаттылардың есебiмен ескерткiштердiң саны 88. Тiзiмдiк есепте 44 ескерткiш тұр.

Мезолит дәуiрiнiң тұрақтары — 2

Неолит дәуiрiнiң тұрақтары — 25

Энеолит дәуiрiнiң тұрақтары — 2

Қола дәуiрiнiң қоныстары — 9

Қола дәуiрiнiң молалары — 8

Ерте темiр ғасырының молалары — 10

Ерте темiр ғасырының қорғандары — 24

Орта ғасыр дәуiрiнiң молалары — 8

Дата публикации
28 мая 2023
Дата обновления
28 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы