Меню

Страницы

Статья

Тайынша ауданы аумағында дін саласындағы ақпарат

Тайынша ауданында 19 діни бірлестігі іс әрекетте,: оның ішінде конфессиялық тиістілігі бойынша:

- ислам – 6 (Тайынша қ., Чкалов, Келлеровка, Зеленый Гай, Теңдік, Карағаш а.);

- православилық – 3 (Тайынша қ., Большой Изюм, Чкалов а.);

- католицизм – 6 (Тайынша қ., Чкалов, Келлеровка, Зеленый Гай, Ясная Поляна, Озерное а.);

- протестантизм – 4 (ЕХБ (Християн-Бабтисттер) – 1 Тайынша қ., лютеране – 1 Тайынша қ., қайырымдылық және Евангелизация миссиясы «Емануил» – 1 Тайынша қ., Новоапостоль церковь – 1)

Ағымдағы кезеңде аудан аумағында өз қызметін жүзеге асыратын 24 миссионер тіркелген.

Діни қызметкерлер өкілдерінің ресми органдардың қызметіне араласу фактілері тіркелген жоқ. Діни ғимараттардан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізілген емес.

Жекелеген азаматтар мен топтардың жағдайды тұрақсыздандыру фактілері анықталған жоқ.

 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде «Халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» қызметі бойынша «Рух Тіл Жаңғыру» ҚБ 2,070 млн теңге сомасына шартқа қол қойылды.

Ауданда 5 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді: Рафальский Анатолий Павлович – «Аудандық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы; Ғазизов Дәулет Аманбайұлы-Тайынша ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны; Өтелбаева Балқия Сәрсембайқызы - аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі; Жұмабаева Асем Қайырбекқызы - ішкі саясат бөлімінің бас маманы,. Ковалевская Екатерина Викторовна-Жастар бастама орталығы директорының міндетін атқарушы

Жыл басынан бері «Қазақстан – зайырлы мемлекет», «Діни экстремизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде», «Діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік», «Халықтың діни сауаттылығын арттыру діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі», «Мектептегі Хиджаб: киюге тыйым салынбайды» тақырыптарында дәрістер өткізілді.

Сондай-ақ, ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм мен терроризмді қарсы насихаттауды жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарына қоғамдық пікір көшбасшылары тартылады.

Жыл басынан бері АТТ мүшелері 13 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде 5 онлайн дәріс түрінде.

АТТ мүшелері тоқсан сайын дәрістер, ақпараттық-анықтамалық материалдар, экстремизмге қарсы және патриоттық бағыттағы бейне өнімдер, ақпараттық буклеттер, парақшалар және кітапшалар түрінде қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.

Тайынша ауданының аумағында терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында теріс ықпал ететін әлеуметтік шиеленіс анықталған емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 мая 2023
Дата обновления
22 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
Қаулылар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы