Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2026 - 12.02.2026
Қабылдау 1 этап: 13.02.2026- 17.02.2026
Қабылдау 2 этап: 19.02.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.02.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
25.02.2026
Сұхбат: 02.03.2026
Анықтама телефоны: 87153621426
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қаржылық-шаруашылық қызмет жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас
маман-бухгалтері , E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Құрылымдық бөлімше басшысының тапсырмаларын орындау.
Мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын құру және орындау.
Бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді жүзеге асыру, бухгалтерлік
есептілікті жасау, банк арқылы операцияларды жүргізу, өтінімдерді ресімдеу,
есептерді, жеткізушілермен салыстыру актілерін жасау, мемлекеттік сатып алу
бойынша шарттарды орындау. Жалақыны, демалыс және өтемақы төлемдерін
есептеуді жүзеге асыру. Бюджеттік өтінімдерді жасау, штаттық кестені тексеру,
Қазынашылықпен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
экономика, қаржы, есеп және аудит, бухгалтер-кассир, бухгалтер, мемлекеттік
сатып алу жөніндегі менеджері
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс
өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен
кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.