«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.02.2026 - 08.02.2026
Қабылдау 1 этап: 09.02.2026- 11.02.2026
Қабылдау 2 этап: 13.02.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 14.02.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
18.02.2026
Сұхбат: 23.02.2026
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы " Келлер ауылдық округі
әкімінің аппаратының жер қатынастарын реттеу жөніндегі бас маманы, E-G-3
(Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, азаматтық қорғаныс жөніндегі
құжаттаманы дайындау және өңдеу. Жер қатынастары саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер
бойынша есептерді дайындау және тапсыру.ҚР заңнамасына сәйкес Жер
мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау. Қала аумағындағы даулы
мәселелерге қатысты жер учаскелерін тексеру бойынша өлшемдер жүргізу
және актілер жасау. Жер комиссиясының отырысына материалдар дайындау.
Ауылдық округ әкімінің жер мәселелері бойынша шешімдерінің жобасын
дайындау. Е-лицензиялау базасын жүргізу. Қала бойынша жер учаскелеріне
түгендеу жүргізу, иесіз жер учаскелерін анықтау. Қала аумағындағы жер
учаскелерінің техникалық жай-күйі туралы ақпаратты жинау және талдау.
Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі
жұмыстардың жай-күйін бақылау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, ҚР Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы Кодексіне, қала әкімінің құзыретіне сәйкес тұлғаларды
әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жасау және есепке
алу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша базаны және есепке алуды
жүргізу.
Әкімшілік ғимарат бойынша шаруашылықішілік жұмыстарды
ұйымдастыру. Спорт бөлімімен жұмыс, жастармен, қоғамдық партиялармен
және бірлестіктермен жұмыс. Ауылдық округ ауылдарында сауықтыру және
спорттық іс-шаралар өткізу.
Ауылдық округ әкімі жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Қосымша талаптар:
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік
талаптарына сәйкес.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқықтану, экономика,
менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару,
пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, жалпы дамудың пәндік
мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша
мұғалімдер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау,
пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау, пәндік мамандандырылған
мұғалімдерін даярлау, құқық, экономика (сала бойынша), жерге орналастыру,
бухгалтерлік іс және салық салу, қаржы, банк және сақтандыру ісі
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
05 февраля 2026