«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.01.2026 - 11.01.2026

Қабылдау 1 этап: 12.01.2026- 14.01.2026

Қабылдау 2 этап: 16.01.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.01.2026

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен   жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау: 21.01.2026

Практикалық бағалау 1 кезең: 24.01.2026

Практикалық бағалау 2 кезең: 25.01.2026

Практикалық бағалау 3 кезең: 26.01.2026

Анықтама телефоны: 87153621426

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282305

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) 

Лауазым атауы:

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" КММ бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Тілдерді дамыту және қолдану мемлекеттік бағдарламасын, оны іске асыру бойынша ауданның мәдени өміріндегі мемлекеттік, ресми және басқа тілдердің қызмет етуін қамсыздандыру бөлігіндегі аудандық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру. Халық пен ұлттық топтардың мәдени, рухани және әлеуметтік қызығушылығын қанағаттандыру бойынша мәселелерді талқылау. Қоғамдық бірлестіктері мен ұлттық-мәдени орталықтарымен байланысын бақылау. Ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді жүзеге асыру.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу мәселелері бойынша ақпарат, мәліметтер және басқа құжаттар бойынша есеп берулерді бақылау.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын, аударма ісі, шетел тілі: екі шетел тілі, филология, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, шетел тілі мұғалімі, аудармашы

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
08 января 2026