Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.09.2025 - 29.09.2025
Қабылдау 1 этап: 30.09.2025- 02.10.2025
Қабылдау 2 этап: 06.10.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 07.10.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
10.10.2025
Сұхбат: 16.10.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты" КММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маман- инспекторы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс жоспарының жобаларын әзірлеу, терроризмге қарсы комиссиясы мен терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырыстарын өткізу, отырыстар шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Терроризмге қарсы комиссиясы мен терроризмге қарсы комиссия аппаратының іс-жүргізуін іске асыру. Терроризмнің алдын алу, ауданда қалыптасқан жағдайды есепке ала отырып, терроризм көріністерінің салдарын азайту және (немесе) жою бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу. Терроризмге қарсы комиссиясының жұмысы бойынша құпия құжаттарды әзірлеу және жүргізу. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді іске асыру. "А" блогы.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқықтану, информатика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, әскери іс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, құқық, ақпараттық жүйелер (қолдану облыстары бойынша), есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша).
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.