«Қазгидромет» хабарламасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылғы 23-26 наурыз аралығында күндізгі ауа температурасының көтерілу болжамына байланысты қардың қарқынды еруі және еріген су ағынының қалыптасуы күтілуде, осыған орай су басуы мүмкін.
Су тасқынына байланысты төтенше оқиғаларды болдырмау үшін іргелес аумақты тазарту, қар шығару, су өткізгіш каналдар мен құбырларды тазарту бойынша алдын ала шаралар қабылдауды сұраймыз.
Аула аумақтарына еріген қар суының күрт түсуі туындаған жағдайда, Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөліміне - 23-4-15, Тайынша ауданының құрылыс, сәулет, ТКШ және ЖК және АЖ бөліміне - 22-9-98 телефоны бойынша хабарласын.