2023 жылғы Тайынша ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету туралы қызметi туралы есеп

2023 жылғы Тайынша ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызмет көрсету туралы

қызметi туралы есеп

 

         2023 жылғы Тайынша ауданының жергiлiктi атқарушы органдарымен 7085 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

  • қағаз түрiнде — 0 мемлекеттiк қызмет;
  • қағаз түрiнде, бiрақ «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлуi мүмкiн қызметтер — 23 мемлекеттiк қызмет;
  • Көрсетiлетiн қызметтiалушымен тiкелей байланыс және өтiнiмдi ақпараттық жүйеге қолмен енгiзу арқылы көрсетiлетiн қызметтiберушiнiң ақпараттық жүйелерi арқылы электрондық түрде көрсетiлген қызметтер («электрондық үкiмет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) — 1516;
  • Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны — 861 мемлекеттiк қызмет,
  • «Электрондық Үкiмет» порталы арқылы – 4685 мемлекеттiк қызмет.

         2023 жылы 11 бақылау іс-шарасы өткізілді, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 6 фактісі анықталды, ұсынымдар берілді.

         Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша 263 iс-шара өткiзiлдi, оның iшiнде:

  • аудан әкiмдiгiнiң — 4 отырысы;
  • ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен құқықтық жаппай оқыту — 88;
  • МҚАД ресми парақшасында жариялануымен белгiленген мемлекеттiк қызметтердi дәрiптеу бойынша ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының 23 тiкелей эфирi;
  • аудандық «Тайыншинские вести», «Тайынша таңы» газеттерiнде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша 21 мақала жарияланды;
  • Аудан әкiмiнiң сайтында 22 жарияланым орналастырылды;
  • 20 жарияланым Фейсбукте жарияланды;
  • - проведено 6 онлайн-ярмарки государственных услуг.

         4 бейнеролик аудан әкiмiнiң интернет-ресурсында, мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарында, Фейсбук әлеуметтiк желiлерiнде, СҚО МҚАД Ю-Туб арнасында әзiрлендi және жарияланды.

         Facebook әлеуметтiк желiлерiндеме млекеттiк қызметтер мәселелерi бойынша 11 интернет-конференция өткiзiлдi.

         Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша ақпараттық брошюралар әзiрлендi көрсетiлетiн қызметтi алушылар арасында тарату бойынша жұмыс жүргiзiлдi, 14 146 брошюра таратылды.

         Жергiлiктi атқарушы органдардың өзiне-өзi қызмет көрсету аймағы арқылы шамамен 10 276 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi (Ескерту. Қазiргi өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарынан 28 бұрыш ауданның қарамағында, қалғандары бiлiм басқармасының қарамағында, осыған байланысты бiлiм беру ұйымдарының өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарында алынған қызметтер басқарманың есептiлiгiне жiберiледi).

         2023 жылда «Электрондық үкiмет» порталын пайдалану дағдыларын оқытумен 14 797 адам қамтылды, бұл экономикалық белсендi халықтың жалпысанының 72% құрайды (22773 адам).

         Департаменттi шақырумен қызмет көрсетушiлердiң қатысуымен СҚО Тайынша ауданы Қоғамдық кеңесiнiң 4 отырысы өткiзiлдi.

         2023 жылда ҮЕҰ-нышақырумен Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерiнде 12 азаматтарды қабылдау жүргiзiлдi.

         Қызмет алушылардың көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына, қолжетiмдiлiгiне және рәсiмдерiне қанағаттану деңгейiн айқындау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде проблемалық мәселелердi анықтау мақсатында ҮЕҰ-мен бiрлесiп есептi кезеңде әлеуметтiк маңызы бар объектiлерге бару бойынша 11 қоғамдық бақылау жүргiзiлдi.

         Аралау барысында мемлекеттiк қызметтердi көрсету орындарында мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн жағдай жасау бойынша 18 бұзушылық анықталды, олар ағымдағы тоқсан iшiнде белгiленген мерзiмге сәйкес жойылды.

         2023 жылда мемлекеттiк қызмет көрсету саласында бiлiктiлiктi арттыру бойынша онлайн-курстардан 2 маман өттi.

         Қызмет алушылардан мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

Отчет о деятельности местных исполнительных органов Тайыншинского района об оказании государственных услуг за 2023 года
Дата публикации
28 февраля 2024