АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, 10 жыл мерзімге  мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.                                      

 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарлама (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап  отыз күнтізбелік өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
2024 жылғы18 наурыздан бастап 2024 жылғы 10 сәуірді қоса алғанға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197,  3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша  Тайынша  ауданы  әкімдігінің  ғимаратында 2024 жылдың  11 сәуірде  10 сағат  00 минутта конкурстың қорытындылары  шығарылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Дата публикации
16 февраля 2024