Бұл мониторингтің мақсаты Тайынша ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзекті мәселелерді анықтау болып табылады.
Қоғамдық мониторингпен мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсету сапасы бойынша 100 азамат қамтылды:
- баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
- ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
Ақпарат жинау әдістері халықты сауалнамалық тестілеу арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ, халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндіру мақсатында, Тайынша ауданының тұрғындары арасында брошюралар тарату бойынша жұмыс жүргізілді.
Сауалнама қорытындысы бойынша өзекті мәселелер анықталған жоқ, сауалнамаға қатысқан халықтың 95% - ы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету деңгейіне риза. Қоғамдық мониторинг тегін түрде жүргізілді.