«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына баспасөз – релиз.

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 және 75-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

2025-2027 жылдарға арналған Зеленогай ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескеріле отырып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.

2025 жылға арналған Зеленогай ауылдық округінің бюджетіне түсетін түсімдердің болжамды көлемі 13408 мың теңге, 2026 жылға — 13877 мың теңге, 2027 жылға — 14363 мың теңге сомасында белгіленді.

2025 жылға аудандық бюджеттен 30422 мың теңге, 2026 жылға — 30143 мың теңге, 2027 жылға — 30427 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.

2025 жылға арналған Зеленогай ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 44140 мың теңгені, 2026 жылға 44020 мың теңгені, 2027 жылға 44790 мың теңгені құрайды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
05 мая 2025