Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есепке талдамалық анықтама 2024 жылдың 4 тоқсанына «Зеленогай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
2024 жылдың 4 тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Зеленогай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ - 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз нысанда - 0 мемлекеттік қызмет;
- электрондық үкімет порталы арқылы-0
- Е-лицензиялау арқылы-1
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізілді - 1, қарау саны-733;
4 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді-1;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар әзірленді, көрсетілетін қызметті алушылар арасында тарату бойынша жұмыстар жүргізілді, 50-нен астам брошюралар таратылды .
2024 жылдың 4 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты жоспарлы жұмыс жүргізуде–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсіндіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі мемлекеттік органда да, халық қақызмет көрсету орталығы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік орган қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын тапсырылады.
Ауылдық округінің әкімі Н. Мустаханов