«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп 2025 жылға

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

2025 жылға

 

2025 жылы «Ясная Поляна ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жергілікті атқарушы органымен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- қағаз нысанда - 4 мемлекеттік қызмет (жер телімдерін жалға алу мерзімін ұзарту-1, кент, ауыл жерлерінен жер телімін беру-2, жер учаскесін сату-1);

- қағаз нысанда, бірақ «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-0 мемлекеттік қызмет;

көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 0.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0 Мемлекеттік қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 1 мемлекеттік қызмет (2 кезең).

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар әзірленді, көрсетілетін қызметті алушылар арасында тарату бойынша жұмыс жүргізілді, 420-дан астам брошюралар таратылды.

2025 жылы 1534 адамды қамти отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бойынша 4 тікелей эфир өткізілді.

2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 351 мемлекеттік қызмет көрсетілді (тұрғылықты жері бойынша тіркеу, ЭЦҚ беру, соттылығының жоқтығы туралы анықтама беру, психикалық денсаулық диспансерінен анықтама беру, анықтама беру. наркологиялық диспансерден медициналық ұйымға тіркелу).

2025 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша «Адамдар ең алдымен» тақырыбында 1 маман өтті.

Ауылдық округ әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі мемлекеттік органда да, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік орган қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын тапсырылады.

 

     Яснополян ауылдық округінің әкімі                               Е.Темірбаев

 

 

Дата публикации
29 января 2026