2024 жылдың 4-тоқсаны бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу туралы есепке талдамалық анықтама «Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

2024 жылдың 4-тоқсаны бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу туралы есепке
талдамалық анықтама
«Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

2024 жылдың 4 тоқсанында «Яснополян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жергілікті атқарушы органымен - 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз нысанда - 0 мемлекеттік қызмет (жер телімін жалдау мерзімін ұзарту);
- қағаз нысанда, бірақ «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-0 мемлекеттік қызмет;
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 0.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0 мемлекеттік қызмет, «Электрондық үкімет»» порталы арқылы-0 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар әзірленді, көрсетілетін қызметті алушылар арасында тарату бойынша жұмыстар жүргізілді, 347-тен астам брошюралар таратылды.
2024 жылдың 4 тоқсанында 395 адамды қамти отырып, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бойынша 1 тікелей эфир өткізілді.
2024 жылдың 4 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді (ЭЦҚ беру, сотталмағандығы туралы анықтама беру, психоневрологиялық диспансерден анықтама беру, нарко диспенсерден анықтама беру).
Ауылдық округ әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі мемлекеттік органда да, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік орган қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын тапсырылады.


Яснополян ауылдық округінің әкімі Е.Темірбаев

 

 

Дата публикации
08 апреля 2025