Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп 

2022 жылда «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қағаз нысанда, бірақ «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 4 мемлекеттік қызмет;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 іс-шара өткізілді, атап айтқанда: ауылдық округтің елді мекендерінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері және оларды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы алу мүмкіндігі туралы 3 жиын, ауылдық округтің WhatsApp топтарында электрондық мемлекеттік қызметтерді дәріптейтін 4 бейнеролик таратылды; "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 5 бағыт (базалық цифрлық дағдылар, электрондық мемлекеттік қызметтер, ашық үкімет, электрондық сауда және ақпараттық қауіпсіздік) бойынша оқыту курстары өткізілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылды (мемлекеттік қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә.).

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтер тізімі, мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда, мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» порталы арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында Теңдік ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің 3 секторы жұмыс істейді, онда тұрғындар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.

2022 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызмет алушылар арасында жадынама тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 90-ға жуық жадынамалар таратылды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады. 

 Теңдік ауылдық округінің әкімі Е. Қасқұлақо

 

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы