2020 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып табылады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 іс-шара өткізілді, атап айтқанда: ауылдық округтің елді мекендерінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері және оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу мүмкіндігі туралы 3 жиын, ауылдық округтің WhatsApp топтарында электрондық мемлекеттік қызметтерді дәріптейтін 4 бейнеролик таратылды; «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 5 бағыт (базалық цифрлық дағдылар, электрондық мемлекеттік қызметтер, ашық үкімет, электрондық сауда және ақпараттық қауіпсіздік) бойынша оқыту курстары өткізілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылды (мемлекеттік қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә.).
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтер тізімі, мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда, мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» порталы арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдартүскенжоқ.
Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында Теңдік ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің 3 секторы жұмыс істейді, онда тұрғындар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.
2020 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызмет алушылар арасында жадынама тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 110-ға жуық жадынамалар таратылды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады.
Теңдік ауылдық округінің әкімі Р. Жұмағұлов