Меню

Страницы

Статья

2011-2013 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысындағы құқық бұзушылық порфилактикасының бағдарламасы

Петропавл қ. 2010 жыл

1. Бағдарлама паспорты

1. Атауы 2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы құқық бұзушылық пофилактикасының бағдарламсы (бұдан әрі — Бағдарлама)
2. Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторинг жүргізуіне ережелер бекіту туралы» қаулысы.
3. Бағдарламаны әзірлеу мен жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік орган Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
4. Мақсаты Қоғамдық тәртіпті күзету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату.
5. Міндеттері Құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін құру;
Облыстағы қылмыстық деңгейді төмендету
6. Қаржыландыру көзі Құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің осызаманғы әдістемелерін ендіру;
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға азаматтар мен олардың бірлестіктерін тарту;
Жеке және заңды тұлғалардың қылмыстар және оқиғалар туралы өтініштеріне жедел іс-әрекетін арттыру;
Құқық бұзушылыққа жол беретін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
Халықтың құқықтық санасы деңгейін жоғарлату;
Халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін жоғарлату.Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражат 1 млрд. 665 млн. 809 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
жергілікті бюджет — 896 млн. 009 мың теңге,
республикалық бюджет — 769 млн. 800 мың теңге, қалғаны ілгеріде туындайтын қажеттілікпен байланысты түзетілетін болады.
7. Іске асыру мерзімі (кезеңдері) Бағдарлама 2011-2013 жылдары іске асырылады.
8. Мақсатты индикаторлар Азаматтардың полицияға сенімінің деңгейі;
Облыстағы қылмыстық деңгейі;
Көшеде және басқа қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың үлестік салмағы.

2. Кiрiспе

2011-2013 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысындағы құқық бұзушылық профилактикасының  бағдарламасы бұрын қолданыста болған республикалық және аумақтық құқық бұзушылық бағдарламаларға қатысты жалғастырушылық принцiпiн сақтап, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуiрдегi № 271-IV «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторинг жүргiзуiне ережелер бекiту туралы»  қаулысының талаптарына сәйкес әзiрлендi.

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерi, демократиялық мемлекеттiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн  құқық қорғау жүйесiн құру бойынша мемлекеттiк қызметтi құрайтын  маңызды, қоғамның тұрлаулы дамуы шарттарының бiрi болып табылады.

Осымен байланыс, құқық тәртiбiн және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету проблемалары кешендi қарауды, сондай-ақ осы облыста әлеуеттi нығайту бойынша қабылданатын шараларда қаржылық және техникалық қолдауды талап етедi.

3. Құқық тәртiбiн және заңдылық жай-күйiн талдау

Статистикалық деректердi талдау 2010 жылдың 7 ай iшiнде қылмыстардың жеке түрлерi бойынша күресу көрсеткiштерiнiң бiршама жақсарғанын айғақтайды.

Мәселен, кешендi профилактикалық және шұғыл-iздестiру шаралар қабылдау нәтижесiнде рецидивтiк қылмыстар 38,2%, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 46,2% , «мас» — 2,8%,  топтық қылмыстар — 21,3%,  қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар — 0,4% төмендедi, көшеде жасалатын қылмыстар өткен жылдың деңгейiнде қалды.

Жалпы облыстағы криминалдық жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, оның жай-күйiне өңiрдегi және жалпы республикадағы қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайылар оң әсер етедi.

Алайда, қылмыстылық мемлекет пен қоғам өмiрiнiң барлық саласына жағымсыз әсер етудi жалғастыра  түсуде, облыстағы әлеуметтiк- экономикалық өзгертулердi тежейдi. Қымыстылық — әлеуметтiк құбылыс және онымен жемiстi күресу құқық бұзушылық профилактикасының нысандары мен әдiстемелерiн кешендi iске асырғанда ғана мүмкiн болады. Осыған байланысты экономикалық, әлеуметтiк-мәдени, тәрбиелiк және құқықтық сипаттағы кешендi шаралар қажет..  

Iшкi iстер органдары есебiнде 20703 астам адам тұр. Соның iшiнде  бұрын сотталғандар 793, құқық бұзушылық үшiн есепте тұрған 820 кәмелетке толмағандар, 1018 есiрткiнi пайдаланатын тұлғалар, 13030 маскүнем және iшiмдiкке салынғандар, 818 қолайсыз отбасылар, 2232 отбасы шырқын бұзушылар, 852 астам тұрғылықты мекенжайы жоқ және туысқандармен әлеуметтiк байланысын жоғалтқан тұлғалар. Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 317 қорғау ұсынымы шығарылып, олар профилактикалық есепке қойылды.  

Алайда  бостандығынан айыру орындарынан шыққан тұлғаларды әлеуметтiк бейiмдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселесi тиiстi құзыеттi органдармен нашар шешiледi.   

Тұрғылықты мекенжайы жоқ және туысқандармен әлеуметтiк байланысын жоғалтқан тұлғаларсаны көбейiп барады.   2010 жылы iшкi iстер органдарының қызметкерлерi облыстың көшелерi мен қоғамдық орындарынан  осы санаттағы 3088 астам азаматты жинап алды.

4 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада азаматтардың құқығын қорғау өзектi мәселелерi бойынша кеңес өткiздi, онда құқық қоргау органдары қызметiнiң негiзгi бағыты құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасы, маскүнемдiкпен күрес, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстың өсуiн төмендету болып айқындалды. 

Елбасының тапсырмасын ескере отырып, облыстың құқық қоргау органдарына қылмысты жасау және заңды бұзудың барлық көрнiстерiмен күрестi жандандыру қажет.

Бағдарламаның iс-шараларын облыста профилактика жүйесi шеңберiнде  iске асыру мүмкiндiктерi бар. Бiздiң өңiрдiңi бiр тұрғынына қоғамдақ қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қыржыландырудың деңгейi басқа өңiрлердегiден кем емес. Барлық деңгейдегi басшылардың мүдделiлiгi қажет, ол бұл жұмыстың барлық мүдделi органдардың, қауымдастықтың өзара түйiскен кезiнде ғана мүмкiн болады.

4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, мақсатты индикаторлар және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Бағдарлама мақсаты — Қоғамдық тәртiптi күзет, қоғамдық қауiпсiздiкгi қамтамасыз ету деңгейiн жоғарлату.

Бағдарлама мiндеттерi:

  • Құқық бұзушылық профилактикасының бiрыңғай жүйесiн құру;
  • Облыстағы қылмыстық деңгейiн төмендету;
  • Құқықтық тәртiп және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң осызаманғы әдiстемелерiн ендiру;
  • Құқық бұзушылықтардың алдын алуға азаматтар мен олардың бiрлестiктерiн тарту;
  • Жеке және заңды тұлғалардың қылмыстар және оқиғалар туралы өтiнiштерiне шұғыл әрекеттiлiктi арттыру;
  • Құқық бұзушылыққа жол беретiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 
  • Iшкi iстер органдарының материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету деңгейiн жоғарлату;
  • Халықтың құқық қорғау органдарына құқықтық санасы деңгейiн жоғарлату;
  • Басты мақсатты - азматтардың полицияға сенiмiнiң деңгейi;
  • индикаторлар және  облыстағы қылмыстық деңгейi;
  • көрсеткiштер көшеде және басқа қоғамдық орындарда кәмелетке
  • толмағандармен жасалатын қылмыстардың үлестiк салмағы.

5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Бағдарламаны iске асыру мерзiмi 2011-2013 жылдары., кезеңдер белгiленбеген.

6. Қажеттi ресурстар

Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы мөлшерi — 1 млрд. 665 млн. 809 мың теңгенi құрайды.

жергiлiктi бюджет — 896 млн. 009 мың теңге;

республикалық бюджет — 769 млн. 800 мың теңге, алдағы уақытта бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы