Меню

Страницы

Статья

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында округімізде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Теңдік ауылдық округінің аумағында 3 елдімекен бар: Теңдік, Кантемир және Котовское ауылдары. Халықтың жалпы саны 653 адамды құрайды, оның ішінде Теңдік ауылында 349, Кантемировское ауылында 195, Котовское ауылында 109 адам. Теңдік ауылдық округі бойынша экономикалық белсенді халық 399 адам, оның ішінде бюджеттік мекеме мен жеке кәсіпорындар қызметкерлері саны 346, уәкілеттік органда 5 жұмыссыз адам тіркелген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық 42 адам, 2018 жыл ішінде 31 адам жұмысқа орналастырылды, тұрақты жұмыс орнына 20 адам, оның ішінде 1 мүгедек, уақытша маусымдық жұмысқа 3 адам орналасса, оның ішінде 29 жасқа дейінгісі 1 адам және мақсатты топ 2 адам орналасты.

2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында өткізілген есепті кездесулер қорытындысы бойынша 7 сұрақ пен ұсыныс келіп түссе, барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарылды.

Астық дәнді — дақылдарын өндірумен 5 ЖШС мен 9 шаруа қожалығы айналысады. 2018 жылы 5 ЖШС және 9 қожалық егін екті, округ бойынша 21694 гектарды құраса, оның ішінде дәнді — дақылдардың егістік алқабы 8285 гектар, майлы дақылдар 13409 гектарды құрады. Округтағы өсімдік шаруашылығы мен егіншіліктің басымды бағыттарының бірі егістік алқабының 70% құрайтын дәнді дақылдарды өсіру болып табылады. Биылғы жылы күзгі жиын-терім науқаны кезінде ауа райы өте қолайлы болғандықтан барлық диқаншылар астықты уақытында жинап алды. Барлық шаруашылық және фермерлік қожалықтар сондай-ақ күзгі жиын-терім жұмыстарын 100% ойдағыдай аяқтады. Астық дақылдарының орташа өнімділігі гектарынан 14 центнер, майлы дақылдар гектарынан 8 центнер.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

2018 жылы округ бойынша 3 азамат қысқа мерзімді оқудан өтіп, сертификат алып, мал шаруашылығы бағытында жалпы соммасы (7 750 мың) жеті миллион жеті жүз елу мың теңгенің несиесін алды.

Биылғы жылы «Қаратомар» ЖШС демеушілік көмегімен Тайынша –Бирлик жолына қиыршық тас төселіп, жолдың біраз шұңқырлары жабылды.

2018 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Теңдік ауылына Қызылорда облысынан 3 отбасы, «көші-қон» бағдарламасы бойынша Өзбекстан Республикасынан 1 отбасы көшіп келді, жергілікті шаруашылық, яғни «Қаратомар» ЖШС оларды тегін баспанамен, отын көмірмен және жұмыспен қамтамассыз етті.

Округта абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі: өткенде ауылдарды абаттандыру және елдімекендердің автомобильдік жолдарын жөндеу, оларды қайта құрылымдау бойынша үш айлық жаряланған. Ауылдық округ әкімінің аппараты жылсайын ауылдар арасындағы жолдардың жиегін шабу жұмыстарын ұйымдастырады.

Болуы мүмкін су тасқынан халықты қорғау мақсатында Кантемировское ауылының маңына судан қорғау жолағы салынды.

Округ аумағына кіре берісте латын тілінде округтің атауы жазылған аншлаг орнатылды.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

2018 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Теңдік ауылындағы көшені жарықтандыру шамдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Теңдік ауылындағы Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішті қорғау жұмыстары жоспарланып отыр.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында округта аудан әкімдігі бекіткен желілік кестеге сәйкес ауылдық округі әкімдігі мен мектеп ұжымының күшімен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Қарттар күнін өткізуді ұймыдастыруға Теңдік ауылында «Қаратомар» ЖШС, Кантемір ауылында «Вишневское» ЖШС және Котовское ауылында «Фирма Котовское СК» ЖШС қатысты. Және де жыл сайын 8 наурыз –Халыкаралық әйелдер күніне, Наурыз мейрамына, Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылды қарсы алуға орай іс-шаралар өткізіледі.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Ауылдық округта 2 мектеп: Теңдік орта мектебі мен Кантемір бастауыш мектебі жұмыс атқаруда. Теңдік орта мектебінде 69 оқушы оқиды, мектеп жанындағы толық күндік қатысуы бар шағын орталықта 15 бала тәрбиеленуде, Кантемір бастауыш мектебінде 5 оқушы дәріс алады, мектеп жанында толық емес күндік қатысуы шағын орталықта 5 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Округта 3 дәрігерлік пункт қызмет етеді. Медициналық пунктер барлық қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Жыл бойы жүйелі түрде ауылдық округ тұрғындарымен өзекті мәселелерді шешу жөнінде жиындар өткізілді: ауылды аббаттандыру, мал бағу, малды ветеринарлы өңдеу, жылқыларға таңба басу, құқықтық тәртіп бойынша учаскелік инспектордың есебі.

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Ауылдық округтің әкімі Р. Жұмағұлов

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы