Меню

Страницы

Статья

Теңдік ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы

Теңдiк ауылдық округiнiң аумағында 3 елдiмекен бар: Теңдiк, Кантемир және Котовское ауылдары. Халықтың жалпы саны 732 адамды құрайды, оның iшiнде Теңдiк ауылында 378, Кантемировское ауылында 232, Котовское ауылында 122 адам. Теңдiк ауылдық округi бойынша экономикалық белсендi халық 415 адам, оның iшiнде бюджеттiк мекеме мен жеке кәсiпорындар қызметкерлерi саны 357, уәкiлеттiк органда 4 жұмыссыз адам тiркелген, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халық 52 адам, 2017 жыл iшiнде 36 адам жұмысқа орналастырылды, тұрақты жұмыс орнына 27 адам, оның iшiнде 1 мүгедек, уақытша маусымдық жұмысқа 9 адам орналасса, оның iшiнде 29 жасқа дейiнгiсi 6 адам және мақсатты топ 9 адам, оның iшiнде тұрақты жұмыс орнына 9 адам, уақытша жұмыс орнына 4 адам орналасты.

2017 жылдың қаңтар және ақпан айларында өткiзiлген есептi кездесулер қорытындысы бойынша 6 сұрақ пен ұсыныс келiп түссе, барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар қайтарылды.

Астық дәндi-дақылдарын өндiрумен 3 ЖШС мен 13 шаруа қожалығы айналысады. 2017 жылы 3 ЖШС және 8 қожалық егiн ектi, дәндi-дақылдардың егiстiк алқабы округ бойынша 9118 гектарды құраса, майлы дақылдар 5741 гектарды құрады. Округтағы өсiмдiк шаруашылығы мен егiншiлiктiң басымды бағыттарының бiрi егiстiк алқабының 70% құрайтын дәндi дақылдарды өсiру болып табылады. Биылғы жылы күзгi жиын-терiм науқаны кезiнде ауа райы өте қолайлы болғандықтан барлық диқаншылар астықты уақытында жинап алды. Барлық шаруашылық және фермерлiк қожалықтар сондай-ақ «Қаратомар» ЖШС егiндi 100%, «Казына 1917» ЖШС 100%, «Фирма Котовское СК» ЖШС 100% жинап алды. Астық дақылдарының орташа өнiмдiлiгi гектарынан 14 центнер, майлы дақылдар гектарынан 6 центнер.

Биылғы жылы «Қаратомар» ЖШС өз қаражаты есебiнен бұрынғы асхана ғимаратының шатырын жөндедi, егер жөндеу жұмыстары алдымыздағы жылы аяқталатын болса ғимарат қайта жаңартылып дәмхана ретiнде ашылып, халықтың мерекелiк iс-шаралар өткiзетiн орнына айналмақ.

2017 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысынан Теңдiк ауылына 1 отбасы, Қызылорда облысынан 2 отбасы, «көшi-қон» бағдарламасы бойынша Моңғолия Республикасынан 1 отбасы көшiп келдi, жергiлiктi шаруашылық, яғни «Қаратомар» ЖШС оларды тегiн баспанамен, отын көмiрмен және жұмыспен қамтамассыз еттi.

Округта абаттандыру бойынша белсендi жұмыстар жүргiзiледi: өткенде ауылдарды абаттандыру және елдiмекендердiң автомобильдiк жолдарын жөндеу, оларды қайта құрылымдау бойынша үш айлық жаряланған. Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты жылсайын ауылдар арасындағы жолдардың жиегiн шабу жұмыстарын ұйымдастырады.

2017 жылы аудан әкiмдiгiнiң төтенше жағдайларды жою мақсатындағы резервiнен қомақты қаражат бөлiнiп көктемгi су тасқынында шайып кеткен Бiрлiк ауылы маңындағы көпiрдi қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi.

2017 жылы Теңдiк ауылында «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында Теңдiк ауылындағы балалар ойын алаңына қосымша ойын құралдары орнатылды. 2018 жылы «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Теңдiк ауылындағы көшенi жарықтандыру шамдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында округта аудан әкiмдiгi бекiткен желiлiк кестеге сәйкес ауылдық округi әкiмдiгi мен мектеп ұжымының күшiмен бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.

Қарттар күнiн өткiзудi ұймыдастыруға Теңдiк ауылында «Қаратомар» ЖШС, Кантемiр ауылында «Вишневское» ЖШС және Котовское ауылында «Фирма Котовское СК» ЖШС қатысты. Және де жыл сайын 8 наурыз –Халыкаралық әйелдер күнiне, Наурыз мейрамына, Тұңғыш Президент күнiне, Тәуелсiздiк күнiне және Жаңа жылды қарсы алуға орай iс — шаралар өткiзiледi.

Ауылдық округта 2 мектеп: Теңдiк орта мектебi мен Кантемiр бастауыш мектебi жұмыс атқаруда. Теңдiк орта мектебiнде 76 оқушы оқиды, мектеп жанындағы толық күндiк қатысуы бар шағын орталықта 16 бала тәрбиеленуде, Кантемiр бастауыш мектебiнде 8 оқушы дәрiс алады, мектеп жанында толық емес күндiк қатысуы шағын орталықта 6 бүлдiршiн тәрбиеленуде. Теңдiк ауылындағы мектептiң алдына және артқы жағына ауыл әкiмдiгi мен мектеп әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен көшенi жарықтандыру шамдары орнатылды. Кантемiр бастауыш мектебiнiң ғимараты бұрынғы әкiмдiк ғимаратына көшiлiрдi. Ол ғимаратқа ауылдық округ әкiмдiгiнiң мұрындық болуымен «Вишневка» ЖШС өз қаражаты есебiнен күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiздi.

Округта 3 дәрігерлік пункт қызмет етеді. Медициналық пунктер барлық қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Жыл бойы жүйелі түрде ауылдық округ тұрғындарымен өзекті мәселелерді шешу жөнінде жиындар өткізілді: ауылды аббаттандыру, мал бағу, малды ветеринарлы өңдеу, жылқыларға таңба басу, құқықтық тәртіп бойынша учаскелік инспектордың есебі. Сәуір, тамыз айларында округ ауылдарында аудан әкімі мен округ әкімінің есептік кездесулерде көтерілген сұрақтарды талқылау бойынша жиындар өткізілді.

Ауылдық округтің әкімі Р. Жұмағұлов

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы