Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Атқарушы органдар басшыларының халықпен есептi кездесулерiн өткiзу туралы» 2005 жылғы 06 сәуiрдегi № 1546 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаңтар-ақпан айларында аудан орталығы мен селолық округтарда барлық деңгейдегi әкiмдердiң есептi кездесулерi өткiзiледi.
Аяқталып жатқан 2012 жыл экономикалық дағдарысқа қарамастан Қазақстанның жан-жақты экономикалық, әлеуметтiк және саяси жетiлуi жолындағы сенiмдi қадамдарының бiрi болды.
Дағдарыс кезiнде тұтынушылық иделогия мен iскерлiк белсендiлiктiң маңыздылығы ретiнде дағдарысқа қарсы бағдарламалар әзiрленген Елбасының, Үкiметтiң тапсырмасы бойынша қабылданатын дағдарысқа қарсы шараларды түсiндiруге аса көңiл бөлген жөн.
Әлемдiк дағдарыспен байланысты қиындықтарға қарамастан мемлекеттiң саясаты халықтың әлеуметтiк осал бөлiгiне қолдау көрсетуге, оның iшiнде әлеуметтiк төлемдерге бағдарланған.
Бiздiң селолық округта 01.01.2013 жылды 01.01.2012 жылмен салыстырғандағы статистикаға қарасақ демографияның және халықтың тұрақты тұруының өсiмi байқалады, яғни оң өзгерiстер бар деген сөз.
Өткен 2012 жылы 34 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде тұрақты жұмысқа 24 адам, 10 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздар санынан қоғамдық жұмысқа 4 адам тартылды, ондағы еңбекақыға жұмсалған қаржының жалпы сомасы 210 мың теңгенi құрады. Атаулы әлеуметтiк көмектi 2 отбасы немесе 12 алды, оған жұмсалған жалпы сома 62 мың теңгенi құрады. Мемлекеттiк әлеуметтiк көмектi 11 отбасы немесе 35 бала алды, оған жұмсалған жалпы сома 325 теңгенi құрады. Жастар практикасы бойынша 4 адам заңгер, бухгалтер, қаржыгер, педагог мамандықтары бойынша орналастырылды, оған жұмсалған алты ай iшiндегi еңбекақы 552 мың теңгенi құрады. Кәсiби оқуға 6 адам жiберiлдi, оның iшiнде бесеуi жол картасы бойынша орналастырылды. Биылғы жылы Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады және халықта жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа мамандық алып жұмысқа тұруға мүмкiндiгi болады. Токарь, бухгалтер, шаштараз, аспазшы, тракторшы-машинсит мамандықтары бойынша мамандарды дайындаудың жаңа курстары жұмыс iстей бастады, ондағы оқу тегiн, сонымен қатар студенттер шәкiртақы алып жатаханада тегiн тұратын мүмкiндiкке ие болып отыр. Биылғы жылы экономикалық емес аймақтан Тайынша қаласына үш отбасы көшiрiлдi, сондай-ақ тоғыз отбасыға үйдiң кiлтi табысталды. Ауыл халқы, әсiресе жастар биылғы жылы мемлекеттiк бағдарламаны белсендi түрде пайдаланды. Жоғары оқу орындарын тәмәмдаған жас мамандар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, оның iшiнде төрт мұғалiм Теңдiк орта мектебiне жұмысқа келдi.
Сонымен қатар, төртiншi және одан да көп балаға төленетiн бiржолғы жәрдемақының көлемi өстi және баланы бiр жасқа дейiн бағып-қағу бойынша айсайынғы бiржолғы жәрдемақының көлемi де өсетiн болады. Биылғы жылы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiмен төрт және одан да көп бала туған аналарға арнайы шот ашылып, балаларға он сегiз жасқа толғанша дейiн депозитке ақша салынатын болады. Биылғы жылы мүгедек балаларға көп көңiл бөлiнiп, оларға компьютер мен мгедекке арналған коляска сатып алынды. Ендi алтын алқа дәрежесi жетi бала тауып өсiрген, күмiс алқа дәрежесi алты бала тауып өсiрген көпбалалы аналарға берiлетiн болады.
Бiздiң селолық округта өз жұмысында адами фактор бiрiншi кезекте тұр.
Теңдiк селосында әр түрлi орындарда 7 отбасы көшiп келдi. Бұл әр түрлi саладағы мамандар (ветеринарлық дәрiгер, зоотехник, мұғалiм, басқа да мамандықтар), бәрiне «Қаратомар» ЖШС-мен үйлер берiлдi және қыста тегiн негiзде көмiрмен және ағашпен қамтамасыз етiлдi.
Тарихи Отанға Моңғолия халық Республикасынан екi отбасы көшiп келдi. Бұл отбасыларынан сегiз бала жергiлiктi мектепте оқиды. Бұл отбасыларына орталықтандырылған жылытуы бар үйлер ұсынылды, олардың бәрi жұмысқа орналастырылды. Бастапқыда бұл отбасын тегiн азық-түлiкпен қамтамасыз ету мiндетiн өзiне «Әлжан» ШҚ дүкенi алды. Келген отбасылар мал шаруашығылы саласында жұмыс iстейдi. Мал шаруашылығында жыл бойы еңбекақы төленедi.
Балалар — бiздiң болашағымыз.
Өз Жолдауында мемлекет Басшысы елiмiздi бәсекеге қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру приоритетiн жүзеге асыру кiлтiн айқындап бердi, сонымен қатар бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн заманауи бiлiм саласын дамыту қажет.

Бiзде мектепке дейiнгi мекеме жұмыс iстейдi, ата-аналар балаларына алаңдаймай жұмыстарын атқарып жатыр. Бiздiң мектебiмiз ауылдың, ауданның қоғамдық iс-шараларына белсендi қатысады, оқушылар бiрнеше рет облыстық және аудандық көлемдегi спорттық сайыстардың жеңiмпазы және жүлдегерi атанды. Бiздiң мектебiмiздiң зор интелектуалдық әлеуетi бар, мұғалiмдер жоғары бiлiмнiң ағартушысы, үлгiлi интелегент және дәрежесi жоғары мәдениеттi насихаттаушылары болып табылады. ҰБТ тапсыру нәтижесi бойынша Теңдiк орта мектебiнiң бiр оқушысы «Алтын белгi» төс белгiсiнiң иегерi атанды.
Бiз әрқашанда, мейлiң сен мемлекеттiк қызметкер бол, кәсiпкер бол немесе бала тәрбиелеушi бол мектебiмiзге бiрдей қолдау көрсетуiмiз керек. Округтегi шаруашылық басшылары балалардың оқуына қолайлы жағдай туғызу үшiн өз көмектерiн аямай қол үшiн берiп жатыр. «Қаратомар» ЖШС, «Вишневка» ЖШС, «Жұмабай» ШҚ, «Әшiм» ШҚ әлеуметтiк мәселелердi шешуге, мемлекеттiк мерекелердi өткiзуге көмектеседi, оқушылардың облыстық және аудандық сайыстарға қатысуына демеушiлiк көмек көрсетедi.
Биылғы жылы туберкулез дертiмен күрес мақсатында флюорогафия iссапарға шығып, медициналық қызметкердiң жұмысы ұйымдастырылды. Халық бұл жұмысқа түсiнiстiкпен қарады.
Теңдiк ауылында мешiт жұмыс iстеп, халық ел игiлiгi мен болашағы үшiн аллаға құлшылық етедi.
Ақсақалдар кеңесiнiң, учаскелiк инпектордың, мектеп әкiмшiлiгiнiң, шаруашылық басшылығының, Теңдiк селолық округi әкiмдiгiнiң өтiнiшi бойынша мешiт имамы спирттiк iшiмдiк iшпеу, жаман қылықтарға бармау, дұрыс жолда жүру бойынша уағыз-насихат жұмыстарын жүргiзедi.

Рухани байлық халыққа отбасын, қоғам денсаулығын сақтауға көмектеседi. Ұлтық және мұсылмандық мерекелердi өткiзуге «Вишневка» ЖШС, «Каратомар» ЖШС, «Әшiм» ШҚ, «Жұмабай» ШҚ және басқа да кәсiпкерлер демеушiлiк көмек көрсетедi.
Бәрiмiзге мәлiм болғандай, биылғы жылдың жазы ыстық болды, қысы сұрапыл болмақ. «Вишневка» ЖШС, «Алиби-Астық» ЖШС, «Каратомар» ЖШС, «Жұмабай» ШҚ, «Әлжан» ШҚ әлеуметтiк мәселелердi шешуге көмектерiн көрсетiп жүр.
Биылғы жылы фашистiк Германияны тiзе бүктiрген Ұлы Жеңiстiң 67 жылдығын тойладық. Бұл бағытта белгiлi бiр жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Жеңiс алеясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, жаңа қоршау жасалып, көшеттер отырғызылды. Тыл еңбеккерлерiне, көпбалалы аналарға, жалғызбасты зейнеткерлерге үйлерiн ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмек көрсетiлдi.
Жеңiс күнiнiң аудан орталығында мерекеленуiне белсендi түрде қатыстық. Бұл ретте бiздiң шаруашылық басшылары тысқары қалмай, Отанын қорғаған, тылда еңбек еткен азаматтарға қамқорлықтарын көрсеттi.
Шаруашылық басшылары ауылды ауыз сумен қамтамасыз етiп келедi, бiрақ та тұрғындар суға ақшаны толық төлемей жүр. Суға төлемнiң уақтылы iске асырылуына қарамастан «Вишневка» ЖШС мен «Қаратомар» ЖШС насостың стансаның жұмысын тоқтатпай, хадыққа суды уақытында тасымалдап, су шаруашылығы серiктестiктердiң балансында болмаса да халық қамын ойлап жүр.
Жылсайын қарттар Күнi өткiзiлiп, зейнеткерлерге қамқорлық тоқтаған емес. Биылғы жылы «Қаратомар» ЖШС, «Әлжан» ШҚ, «Жұмабай» ШҚ қарт адамдардың отбасыларына астық қалдығын таратса, «Вишневка» ЖШС бал мен ұн үлестiрiп бердi. Бiздiң жеке кәсiпкерлерiмiз 2012 жылы құрметтi демалысқа шыққан зейнеткерлер мен мерейтойларын тойлағалы отырған зейнеткерлерге сыйлықтар бердi. Мектеп жеке қаражаттары есебiнен мерекелiк концерт, мерекелiк шай ұйымдастырды.
Қазастан Республикасындағы барлық игi iстер Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында iске асып жатыр. Жуырда Астана қаласында өткен «Жас Отан» жастар қанатының екiншi съезi Қазақстан Республикасының халықаралық және iшкi саясат саласында iрi жетiстiкке жеткендiгiн дәлелдедi. Бұл игi iстер Президентiмiздiң дұрыс таңдаған бағытының, Елбасының халықаралық аренадаға жоғары беделiнiң арқасында атқарылып отыр. Халық Елбасына және оның жергiлiктi жерлердегi өкiлдерiне сенедi, елiмiздiң ертеңiне үмiтпен қарайды.
Зиялы қауымның озат еңбеккерлерi санынан округымызда «Нұр Отан» ХДП-ның қатарына сегiз адам тiркелдi. Бұл азаматтар кейiнгi жастарға үлгi боларлық адамдар.
Шаруашылық басшыларының, бюджеттiк және қоғамдық ұйымдардың бiрлескен жұмысы өз жемiсiн берiп келедi. Теңдiк селолық округi экономикасының дамуы, барлық атқарылып жатқан жұмыстар Елбасының Жолдауына негiзделген. Округiмiзде осындай тату ұжым тұрғанда алдағы қойылған мiндеттердi iске асыру қиынға соқпайды деп сенiмдiлiкпен айтуға болады.