Тарих
Теңдiк селолық округi 1997 жылы құрылды. 1964 жылдан 1993-ға дейiн халықтық депутаттардың селолық кеңесi болып аталған. 1993 ж. — 1997 ж. дейiн селолық әкiмшiлiгi, 1997 жылдан «Теңдiк селолық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, 2011 жылдың 1 қаңтарынан «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдiк селолық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi. Селолық округiнiң аумағында 5 елдi мекен: Теңдiк, Бiрлiк, Козашар, Кантемировец,, Котовское селолары орналасқан. Селолық округтiң орталығы — Теңдiк селосы. Ол аудан орталығына дейiнгi 25 км. қашықтықта, облыс орталығы Петропавл қаласынан 180 км. қашықтықта орналасқан. Барлық елдi мекендер электр қуатымен,телефонмен жабдықталған, Теңдiк селосының азаматтары таза ауыз суымен қамтылған.
Жалпы мәлiмет
Жалпы халық саны — 961 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар — 699 адам, орыстар 63 адам, поляктар — 50 адам, немiстер — 51 адам, басқа ұлттар — 98 адам.
Тұрғын үй саны — 273.
Малдың түрлерi бойынша саны: IҚМ — 1210, қойлар — 2952, жылқы — 602, шошқалар — 409, құстар — 35755.
Халықты жұмыспен қамту
2013 жылдың 1 қазандағы тiркелген жұмыссыздықтардың саны 3 адам, жұмыссыздықтын — деңгейi 0,5%.
Экономика
Селолық округiнiң аумағында 3 мектеп, 3 шағын орталық, 3 кiтапхана, 8 шаруа қожалығы, 3 ЖШС, 7 дүкен, 4 дәрiгерлiк пунктi, 1 қоғамдық монша, 1 инкубатор, 1 диiрмен, 1 наубайхана.