«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларына сәйкес, 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарлама (хабарландыру) алғаш жарияланған күннен бастап, отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
2026 жылғы 07 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 қыркүйегін қоса алғанға дейінгі кезеңде өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі күні өткізіледі.
Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылдың 28 қыркүйегінде
сағат 10.00 минутта конкурстың қорытындылары шығарылады.
Конкурстың шарттары :
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста болу керек:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2026 жылғы 28 қыркүйекке дейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі.
Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.
Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
жер телімін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін– 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70 -тен 90-ға дейін – 3 балл;
90 -нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5 -ке дейін– 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан аса – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе-5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл;
300-ден аз ұсақ мал басы-5 балл;
не одан да көп ұсақ мал басы-10 балл;
3)меншіктегі ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем-5 балл;
5 және одан көп бірлік-10 балл;
4) Технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік-1 балл;
2 және одан көп бірлік-3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем-5 балл;
5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі
Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады.
Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады.
Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімінің www.tsh.sko.gov.kz «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ www.ozo-tsh.sko.gov.kz, сайтында немесе 8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.
|
Конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі |
||||||
|
Жер телімдерінің сипаттамасы |
||||||
|
Алқаптардың құрамы (суарылмалы емес) |
Бонитет баллы |
Жалпы алаңы, га |
Топырақтардың сапалық сипаттамасы |
Орналасқан жері
|
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
|
Лот № 1 |
||||||
|
Егістік – 405 га, табиғи жайылым. – 6 га, жолдар 6 га
|
31,6 |
412 |
Дала аймағы, топырақ түрі-черноземы южные |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 2 |
||||||
|
Егістік – 783 га, табиғи жайылым. - 38 га, жолдар – 3 га |
32,6 |
824 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 3 |
||||||
|
Егістік – 1841 га, табиғи жайылым – 22 га, жолдар – 4 га |
29,2 |
1867 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
|
Лот № 4 |
||||||
|
Егістік –430 га, табиғи жайылым-13 га, жолдар – 2 га
|
25,9 |
445 |
Дала аймағы, топырақ түрі-оңтүстік қара топырақтар |
Алабота ауылдық округі
|
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы |
Жоқ |
Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам. Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.
Қайырлы күн, құрметті жазылушылар!
20 23 наурызға дейін «СҚО Рощинск ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп» мәселесі бойынша жария талқылаулар өткізіледі
Ұйымдастырушы:»СҚО Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
Ұсыныстар мен ескертулерді түсініктемелерде қалдыруға болады.
Есеп «СҚО Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ресми сайтында орналастырылған.
Есепті жария талқылау туралы қорытынды Рощинск ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланады.
2026 жылғы 12 ақпанда сағат 10.00-де Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Октябрьское ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиыны "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округінің аз қоныстанған Октябрьское ауылын тарату және оны Макашевка ауылына қосу туралы"күн тәртібімен өтті.
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.09.2025 - 09.09.2025
Қабылдау 1 этап: 10.09.2025- 12.09.2025
Қабылдау 2 этап: 16.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 17.09.2025 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
20.09.2025
Сұхбат: 25.09.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Мемлекеттік және орыс тілдерінде құжаттау және іс жүргізуді ұйымдастыру. Келіп түскен азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын есепке алу және мазмұнын зерделеуін қамтамасыз ету, ауылдық округі әкімінің қарауына уақытымен тапсыру. БЕАТ бағдарламасын, азаматтардың ұсыныстарын қарау және бақылау. Жұмыс кестесін қалыптастыру және жоспарлау, келушілерді қабылдау кестесін реттеу.
Азаматтардың жиындарын және жиналыстарын өткізу құжаттар дайындау. Ауылдық округі әкімі қатысқан жиналыстарда хаттама жүргізу. Нормативтік- құқықтық актілер дайындау (ауылдық округ әкімінің шешімдерін, өкімдерін дайындау). Азаматтық жай — күй актілерінің тіркеуін бақылау. Құжаттардың сақталуын қамту, ауылдық округ әкімінің шешімдерін, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындаушыларға уақытылы жеткізілуін қадағалау. Ауылдық округ әкімі аппаратының іс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттарды дайындап, тапсыру. Мамандандырылмаған медиатрлардың тізіміне реестр жүргізу. Әкім аппаратының веб-сайттарының (мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстар) жұмысын жүргізу және әзірлеу. «А» блогы.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, зоотехния, статистика, агрономия, кітапхана ісі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, аударма ісі, математика, құқық, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, ветеринария, қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, бизнес және басқару, гуманитарлықғылымдар, жерге орналастыру, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, өнер, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, денсаулық сақтау, 010100 0
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, құқық, мұрағатшы — Аударама жұмысы (түрлері бойынша), 051801 2 — Бухгалтер, экономист, агроном — Ауыл шаруашылығын механикаландыру, жерге орналастыру, зоотехник, кітапханашы, банк және сақтандыру ісі, менеджмент және басқару, техник — статистик, ветеринария, әлеуметтік қызметкер.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
2025 жылғы 08 шілдеде сағат 16:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді: Рощинское ауылы, Школьная көшесі, 14.
2025 жылғы 08 шілдеде сағат 16:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді: Рощинск ауылы, Школьная көшесі, 14.
2025 жылғы 26 маусым мен 14 шілде аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощин ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ "сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындап, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Құрметті әлеуетті сауда — саттыққа қатысушылар!
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша уданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлік Тізілімінің www/gosreestr/kz веб-порталында (бұданәрі-тізілімнің веб-порталы) 2025 жылғы 12 маусымнан 10сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін (жергіліктіуақытпен) жер учаскелеріне бағаны көтеру әдісімен 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жерпайдалану (жалғаалу) құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы ақпарат береді.
Тізілім веб-порталында жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын 5 жыл мерзімге сату «Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі - Ереже).
Сауда – саттықты өткізу нысаны-мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында элетрондық түрде Аукцион.
Сауда — саттық әдісі — Ағылшын (бастапқы бағаны көтеру)
Аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып, келесі жер учаскелері (сату объектілері)қойылады:
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – сүт-тауар фермасы салу үшін
Жер учаскесінің орналасқан жері – Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі
Жер учаскесінің алаңы (гектармен) –3,0 га
Құқық түрі-5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)
Жер учаскесінің шектеулері, ауыртпалықтары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген барлық экологиялық, санитарлық, құрылыс, теміржол нормаларын сақтау
1 жылға жалдау ақысының сомасы – теңге) – 376
Бастапқы (бастапқы және ең төменгі) баға (теңге) –314 280
Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 196 600
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – астық қоймасын салу үшін
Жер учаскесінің орналасқан жері – Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі, Рощинское ауылы
Жер учаскесінің алаңы (гектармен) –0,4799 га
Құқық түрі-5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)
Жер учаскесінің шектеулері, ауыртпалықтары – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген барлық экологиялық, санитарлық, құрылыс, теміржол нормаларын сақтау
1 жылға жалдау ақысының сомасы – теңге) – 2764
Бастапқы (бастапқы және ең төменгі) баға (теңге) –118 185,93
Кепілдік жарна сомасы (теңге) – 196 600
Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.
Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.
Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру орналастырылған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
Сауда-саттыққа қатысушының өтінімі өтінімде көрсетілген қатысушылардың (сатып алушының) шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, веб-порталдың арнайы бөлінген бетінде электрондық конвертке жүктелетін сауда-саттық шарттарымен қатысушының келісімін және баға ұсынысын қамтиды.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерінен электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.
Егер сауда — саттық объектісін осындай тұлғаларға беруге Жер кодексінің 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес тыйым салынған жағдайда, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел қатысатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, сондай-ақ қандастардың құжаттары сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеу үшін қабылданбайды.
Сауда — саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна сауда – саттық объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) % - ын құрайды, бірақ кемінде 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК) және 30 (отыз) мың АЕК-тен аспайды.
e-Qazyna.kz веб-порталында электрондық әмиянды толтыру арқылы:• 1) Kaspi Bank немесе Halyk Bank QR кодын пайдалану арқылы онлайн• 2) әмияныңызда төлем үшін шот-фактура жасау, содан кейін төмендегі деректемелерге ақша аудару арқылы: Төлеуші (орыс): «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
БСН: 050540004455
Ағымдағы шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстан Халық банкі»: KZ226018871000394291
БИК: HSBKKZKX
ТМК: 857
БКК: 16 • 3) «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ жоғарыда көрсетілген деректемелеріне есептеу үшін екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы. Төлем мақсатында мынаны көрсетіңіз: қызметтерге ақы төлеу/қызметтерге қол жеткізу үшін e-qazyna.kz веб-порталындағы жеке шот балансын толтыру.
Өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік дерекқорлардан және ақпараттық жүйелерден автоматты режімде алынбаған жағдайда қатысушы деректерді дербес енгізеді, сондай-ақ өтінімге растайтын құжаттарды қоса береді.
Автоматты тексеру нәтижелері бойынша веб-портал веб-порталда көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген талаптарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасу үшін Сауда-саттықты сатып алушының кепілдік жарнасы қамтамасыз ету болып табылады.
Конкурс жеңімпазы сауда — саттық нәтижелері туралы электрондық пошта арқылы хабардар етіледі.
Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда — саттық өткізілген күні веб-порталда қол қояды.
Сауда — саттық нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен сатушы арасындағы жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою үшін сауда — саттық нәтижелері мен шарттарын белгілейтін құжат болып табылады.
Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты және жер учаскесін жалдау шарты электрондық форматта веб-порталда жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.
Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу — сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу — сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) % - ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Жеңімпаз сауда — саттық нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу — сату шартына және жер учаскесін жалдау шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда — саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы сауда — саттық объектісі күші жойылған сауда — саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
Сатып алушы түпкілікті төлемді төлеу жөніндегі шарттарды мерзімінде орындамаған жағдайда, Сатып алушы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жер учаскесі үшін сома төленуге тиіс күннен бастап төлем жүргізілген күнге дейін мерзімі өткен мерзім үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) төлейді.
Анықтама телефоны: 8(71536)2-26-97